Бірінші кезеңде қос команда әбден тіресті. Алайда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Ал үзілістен соң жағдай күрт өзгерді. Қонақтар қарқын күрт күшейтсе, айдын иелері білгендерінен жаңылып, жиі қателікке ұрынды. Ол мүмкіндікті «Сбірідің» ойыншылары ұтымды пайдаланып, Владислав Ушенин екі рет (4 пен 31-минуттар) және Дмитрий Саюстов (33-минут) бір мәрте нысананы дәл көздеді. Үшінші кезеңде де олар қарқындарын еш бәсеңдетпестен тағы екі мәрте мергендік танытты. Бұл голдардың авторлары – Олег Ли (52-минут) пен Данил Романцев (56-минут). Тек бәсекенің аяқталуына екі минуттан аса уақыт қалғанда Никита Михайлистің бір шайбаны қақпағы енгізуге шамасы жетті. Есеп – 1:5.
Қазіргі кезде 57 кездесуден кейін 67 ұпай жиған «Барыс» «Шығыс» конференциясында сегізінші орынды қанағат тұтуда. Енді олар 23 ақпанда Қазанның «Ақ Барсына» қарсы ойнайды.