27 Желтоқсан, 2013

Станса қысқа сақадай сай

400 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Екібастұздағы «Болат Нұржанов атындағы   ГРЭС-1» серіктестігі қысқы маусымға жақсы даярлықпен жұмысқа кірісті. Электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын жылу электр стансасының белгіленген қуаттылығы 4000 МВт. Оған тепе-тең негізде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен «Қазақмыс» тобы иелік жасайды. Станса Екібастұздың көмірін пайдаланады. Өндірген электр энергиясының басым бөлігі еліміздің энергетикалық нарығында үлестіріледі.

Бүгінде бұл стансада «Қазақмыс» тобы мен «Самұрық-Энерго» АҚ-тың жалпы құны 1 млрд. АҚШ долларынан асатын ұзақ мерзімді инвестиция­лық бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама іске қосылмай тұрған екі энергоблокты қалпына келтіруді және қолданыстағы бес энергоблокты, жалпы стансалық жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңғыртуды, тазартушы электр сүзгілерін орнатуды көздейді.

Қазіргі уақытта екі энергоблок та қалыпты жұмыс жасап тұр. Бұдан басқа тағы екі энергоблок әзірлік сапына қойылған. Негізінде стансаның барлық 6 энергоблогы жұмысқа кіріскенде станса 3000 МВт. қуаттылығына жетеді. Станса биылғы жылдың 9 айы ішінде ГРЭС-1 стансасында 10 032 млрд. кВт. сағат электр энергиясы өндіріліпті. Қазіргі кезде отынның қоры 465 357 тонна көмір, 1771 тонна мазутты құрайды. Жылдың соңына дейін тағы да 1 500 тонна мазут сатып алынбақ. Мұнда № 4, 6 және 8 энергоблоктары  жөндеуден өткізілсе, №5 және №3 энергоблоктарына электр сүзгілері орнатылды, №7 энергоблокқа күрделі жөндеу жүргізілді. Тиімділігі жоғары болатын  тазартушы екі электр сүзгісінің орнатылуы  ауаға таралатын зиянды заттардың көлемін барынша қысқартады. Жалпы, заманауи электр сүзгілер стансада жұмыс жасап тұрған барлық энергоблоктарда қарастырылған. Оларды күзгі-қысқы кезеңге даярлау үшін 64 іс-шарадан тұратын бағдарлама іске асырылды. Тосыннан келген апаттардан сақтану және өрт сөндіру жүйелеріне тексеріс жасалды. Қызметкерлер құрамының төтенше жағдайларда жұмыс жасау бойынша жаттықтырулары өтті. Кәсіпорынның бас директоры Рысқан Свамбаевтың айтуынша, бұл жасалған жұмыстар қысқы маусымда тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз орындауға мүмкіндік береді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ЕКІБАСТҰЗ.

Соңғы жаңалықтар