Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауы мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында ашық, әділ, әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру мәселесіне арнайы тоқталды. Президенттің ұғымында әділетті мемлекет орнату халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтың мүддесін бірдей қорғауды аңғартады.

Кеңестік қиғаш сот жүйесі экономикаға қажетсіз деп танылса да, әлеуметтік реформалардың сөлін қалдырмаған заман келмеске кетсе де, неліктен осы күнге дейін сот жүйесіндегі кемшіліктерге қайта-қайта орала береміз? Әлде, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары нарық қатынасына байланысты пікірталастарда нарықтық экономика тек қана құқықтық бола алады, ол бәріне ортақ ережелер бойынша жүргізілуі шарт және құқықтық мемлекет бірінші кезекте экономика саласында қалыптасуы керек деген ойлардың ескерусіз қалғаны ма? Оны айтып отырған себебіміз, тек құқық қана ережесіз шаруашылық жүргізуден нақты және оңтайландырылған экономикаға жол ашады. Экономика түзеліп, халықтың әлеуметтік жағдайы оңалған жағдайда ғана Қазақстан толыққанды әділетті мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл іргелі көзқарас іске асып, орта таптың қатары өскен кезде құқықтық нигилизм болмай, ескі жүйеден мирас болған құқықтық институттардың сарқыншағы да қалмас еді.
Құқықтық мемлекет құру өткеннің «мұрасы» мен тәуелсіздік жылдары жіберілген «жаңа» қателіктерді еңсеруді талап етті. Соттар мен судьялар жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын болмағандықтан, кадрлардың жаңа буынын өсіру керек болды. Яғни оны дербес және тәуелсіз мемлекеттік орган деңгейіне көтеру мәселесі қолға алынды. Алайда заңнамалық жұмыстағы тұрақсыздық пен теңгерімсіздік заңдар мен заң актілерінің жүйесіздігіне, сәйкессіздігіне әкеліп, оның бірізділік сипатқа ие болуына кедергі жасап, ведомствалық мүдделердің қайшылығына ұрындырды. Бұған сот жүйесінде кездесетін сыбайлас жемқорлықты, процессуалдық емес байланыстарды, корпоративті оқшаулануды қосар болсақ, онда алда тұрған міндеттер мен жұмыстардың ауқымын тереңірек түсінуге болады.
Елде жүргізілген сот реформасы сот жүйесінің мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы ретіндегі мәртебесін конституциялық деңгейде бекітті, әр азаматтың әділет пен сот тарапынан қорғалуын қамтамасыз етті. Дегенмен сот органдарының жұмысын жетілдіруге және судьялардың дербестігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізу шараларының іске асырылуына қарамастан, сот төрелігін жүзеге асыру жақсармады, олардың жұмысына қатысты шағымдар легі толастай қоймады. Сот жүйесін ұйымдастыру мен оның қызмет ету тәжірибесі және қабылданған арнайы заңдардың орындалу барысы көрсеткендей, сот органдарын атқарушы биліктің ықпалынан толықтай шығару қиынға соғуда. Әділет органдары оларға қорғаншылық пен бақылау жасайтын тетіктер мен саңылауды қолынан жіберер емес. Бұл, өкінішке қарай біріншіден, Қазақстанда демократиялық сот дәстүрінің әлі қалыптаса қоймағанын, екіншіден, соттардың кеңестік дәуірден қалған айыптаушылық тәсіліне бейімділігінен айырылғысы келмейтінін көрсетеді. Үшіншіден, бұл толыққанды, беделді сот билігінің әлі құрылмағанының дәлелі. Төртіншіден, қоғамда судьялардың тәуелсіздігіне шартты түрде қараудың бір ұшы олардың атқарушы билік өкілдерімен бейресми кездесулерінің жалғасуына келіп тірелуде.
Осындай жағдайлардың орын алуына судьялардың заңдардағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды өз қалауларынша түсініп, ыңғайларына қарай еркін пайдаланулары да ықпал етуде. Оған кейбір судьялардың кәсіби дайындығының, құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің таяздығы олардың заңдық тұрғыдағы қателіктер жіберулері түгіл, жемқорлыққа баруларына түрткі болуда. Бұлар сот жүйесіне деген сенімнің әлсіреуіне әкелуде. Адамдарды судьялар арасында кездесетін жемқорлық, тамыр-таныстық, корпоративтік мүдделер, жабықтық, кәсіби деңгейлерінің төмендігі, әділетсіздік, тәуелділік, бопсалауға бейімділік, арын сату, тәкаппарлық сияқты жағымсыз қылықтар алаңдатады. Өйткені сот істерін қарауда немқұрайлылыққа, шынайы материалдарды өтірікпен алмастыруға, пара алу, бюрократизм мен өрескел қателіктерге жол берілуде. Сондықтан судьялардың моральдық сипаты мен мәдениетіне назар аудару арқылы ғана сот билігінің тиімділігін қамтамасыз етуге болады.
Қорыта айтқанда, реформаны реформалаудың орнына әділдік пен әділеттілікті нақты іспен, оң нәтижелер арқылы өмір шындығына айналдырған кезде ғана халықтың әлеуметтік әл-ауқаты түзеліп, қоғамда әлеуметтік әділеттіліктің орнығары анық.
Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ,
қоғам қайраткері, саясаттанушы
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Ұқсас жаңалықтар