«ТОП-10» спортшының қатарында Қазақстанның үш бірдей өрені бар. Солардың арасында ең үздік көрсеткіш Артем Резниковқа тиесілі. Жеңіл салмақтылардың рейтингінде ол бірінші орынды иеленуде. Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының тумасы осы күнге дейін 28 мәрте айқас алаңына шығып, 22 бәсекені өз пайдасына шешті.
17 кездесуді мерзімнен бұрын аяқтады. Соңғы рет Артем осыдан төрт жыл бұрын жеңіліп еді. Содан кейін қатарынан сегіз жекпе-жекті өз пайдасына шешіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ал дәл сол салмақ дәрежесінде чемпиондық атақ Чешенстанның тумасы Абдул-Әзиз Абдулвахабовқа тиесілі.
Қазақстанның өзге өкілдері жайында айтар болсақ, Евгений Егембердиев үшінші орынды иеленсе, Асылжан Бақытжанұлы бесінші сатыға табан тіреді. Олардың екеуі де жартылай ауыр салмақта күш сынасады.