Хоккей • 23 Ақпан, 2021

«Барыс» ойсырай ұтылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын елордада өткізгеніне қарамастан, Новосібірдің «Сибирь» клубынан ойсырай ұтылды.

«Барыс» ойсырай ұтылды

Бірінші кезеңде екі команда әбден тіресті. Алайда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Ал үзілістен соң жағдай күрт өзгер­ді. Қонақтар қарқынын күрт күшейтсе, айдын иелері білгендерінен жаңылып, жиі қателікке ұрынды.

Осы мүмкіндікті қонақтар ұтымды пайдаланып, Владислав Ушенин екі рет (4 пен 31-минуттар) және Дмитрий Саюстов (33-минут) бір мәрте нысананы дәл көздеді.

Үшінші кезеңде де олар қарқындарын еш бәсеңдетпестен тағы екі мәрте мергендік танытты. Бұл голдардың авторлары – Олег Ли (52-минут) мен Данил Романцев (56-минут). Тек бәсекенің аяқталуына екі минуттан аса уақыт қалғанда Никита Михайлистің бір шайбаны қақпаға енгізуге шамасы жетті. Есеп – 1:5.

Қазіргі кезде 57 кездесуден кейін 66 ұпай жиған «Барыс» «Шығыс» конференциясында сегізінші орынды қанағат тұтуда. Енді олар бүгін Қазанның «Ақ Барсымен» сырт айдында ойнайды.