Алматыда опера әншісі, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Р. Жаманова 1954 жылы Алматыдағы Өнер институтын бітірген. 1953 жылдан бері Абай атындағы Опера және балет театрының әншісі болды. Бірнеше музыкалық-сахналық образды, атап айтқанда, Сара («Біржан-Сарада»), Ажар («Абай»), Татьяна («Евгений Онегин»), Маргаританы («Фауст») сомдаған. Шетелдерде де өнер көрсетті.
1977 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс берген. КСРО Жоғарғы кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болған.Ленин және «Парасат» ордендерінің иегері.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.
Фото: «Қазақстан» телеарнасы