Жалпы саны 229 көше жөнделіп, 2019 жылмен салыстырғанда үш есе артық. Қала әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында берген жылдық есебінде осылай деді.
Қала әкімінің сөзінше, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 56 пайыздан 60 пайызға жетті. 4 көпір қайта жөнделіп, 4 көпір салынды. Жаз мезгілінде қолайсыздық тудырғанымен шаһарда бірқатар көшелер жаңарып қалды.
– Биыл Қонаев даңғылын жалғастырамыз. 18 шақырымнан астам жол. Одан бөлек, 31 астам шақырымды құрайтын А-2 айналма жолының қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Аталған жолдардың құрылысын 2024 жылға дейін пайдалануға беру көзделуде. Нәтижесінде, Алматы-Ташкент бағытындағы тас жолды байланыстырады және қаланың транзиттік әлеуеті артады, -деді М.Әйтенов.
Сонымен қатар, осы жылы Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталады. Биыл Бәйдібек би – Ұ.Арғынбеков, келесі жылы А.Назарбеков – Н.Назарбаев даңғылындағы жолайрықтың құрылысы басталады.
Айта кетсек, 2021 жылы 109 көше жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 63 пайыздан асады.