Қазақстан • 24 Ақпан, 2021

Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?

Оның мәліметінше, 20 157 адам «Спутник -V» вакцинасының алғашқы дозасын қабылдады. 22 ақпаннан бастап екінші кезеңде 2 137 адамға екпе жасалды. Алайда жағымсыз реакция тіркелген жоқ.

«23 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 93 мың доза вакцина өңірлерге жеткізіледі. Сонымен медицина қызметкерлерін вакцинациялау аяқталып, педагогтарға екпе салу науқаны басталады. Вакцинация еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі. 786 егу пунктінің 170-і жұмылдырылды. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген», - деді Қиясов.