Қоғам • 24 Ақпан, 2021

Ерлан Қиясов: «АSHYQ» мобильді қосымшасы COVID-19-дан қауіпсіз орта құрады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында 15 мыңнан астам адам КВИ-ден қауіпсіз орта құруды және келушілерді жұқтыру мен таралу қаупінен қорғауды көздейтін, сондай-ақ бизнеске карантиндік шаралар кезеңінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін "АSHYQ" мобильді қосымшасын жүктеп алды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ерлан Қиясов: «АSHYQ» мобильді қосымшасы COVID-19-дан қауіпсіз орта құрады

Тек пилоттық жобаға 40 нысан қосылды. Олардың қатарында фитнес-орталықтар, спа-орталықтар, бассейндер, моншалар, кинотеатрлар бар. Тағы 59 қатысушы бұл қосымшаны пайдаланды.

«Коронавирустық инфекцияның пандемиясы басталғаннан бері бүкіл әлемдегі, оның ішінде біздің елдегі бизнес айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр болды, бұл кәсіпкерлік қызметтің кірісіне айтарлықтай зиян келтірді. Осыған байланысты бизнес-қауымдастық "Атамекен" ҰКП - ның қатысуымен Қазақстанда "АSHYQ" пилотын іске асыруға бастамашылық етті»,- деп атап өтті Е.Қиясов.

Жобаға қатысушы болған объектіге қол жеткізу үшін келуші өз телефонына "Ashyq" мобильді қосымшасын жүктеу, телефон нөмірі бойынша авторлану (ЖСН енгізу), QR-кодты сканерлеу және оны мекемеге кірген кезде көрсету қажет. Қазіргі уақытта телеграм @support_ashyq_bot-та техникалық қолдау қызметі іске қосылды, онда әркім сұрақ қойып, оған жауап ала алады.