Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді

361 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды кезекті рет онлайн режимде қабылдады. Жалпы қабылдауға 13 тұрғын жазылған. Бұл жолы жер дауы, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру мәселелері қозғалды.

Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді

Қаратау ауданы Нұрсәт шағынауданының тұрғыны Ақсұлу Есекенова үйінің жанындағы заңсыз құрылыс туралы шағымын айтты. №49/1 мекенжайда орналасқан «Dublin» кафесінің жаздық бастырмасы бойынша заң талаптарына сәйкес құзырлы мекемелерге сұраныс хаттар жолданған. Сұраныс нәтижелері толық жинақталып, басқарма тарапынан Заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылады.
Шаһар басшысы азаматша Есекенованың уәждері бойынша талдау жүргізіліп, заң аясында тиісті шаралар қолдануды Ғалымжан Әмірбекұлына тапсырды.

Абай ауданының тұрғыны Айжанқыз Оспанбекова қаржылай көмек және баласына конкурспен грант бөлу мәселесін алға тартты. А.Оспанбекова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 5 қаңтарда Абай ауданы әкімдігіне қоғамдық жұмысқа жолданып, жұмысқа орналасты. Заңға сәйкес, «Еңбек» бағдарламасы бойынша бір мезетте жұмыспен қамтудың екі бірдей белсенді шарасына қатыса алмайтындықтан, азаматша А.Оспанбекова грант ала алмайды.

Қала әкімі азаматша А.Оспанбекованың көтерген мәселелерін заң аясында, демеушілерді тарту арқылы шешуді қарастыру қажет екенін мәлімдеді.

7589

Еңбекші ауданының тұрғыны Балжан Бәйтешова баласының денсаулығы жөнінде мәселесін көтерді. Бәйтешованың баласына бүгінде Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарында тиісті медициналық көмек көрсетілуде.
Қала әкімі азамат Қ.Ниязғұлдың денсаулығын жеке бақылауға алып, Балжан Аймағанбетқызымен тұрақты байланыста болуды Бақытжан Жолдасбекұлына міндеттеді.

Сонымен қатар, бүгінгі қабылдауда атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша тұрғындар қала әкіміне арнайы ризашылығын білдірді. Өткен жылы Мұрат Дүйсенбекұлы Қаратау ауданы Нұртас шағынауданына барып, жолды асфальттау мәселесі бойынша тұрғындармен кездескен болатын. Айтылған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданып, 1300 метр көшеге асфальт төселді. Міне, осы мәселе бойынша бүгінгі қабылдауда қала тұрғыны Ағабек Қазанбай тұрғындардың ризашылығын жеткізді.