Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Мұғалжар ауылында газ баллон жарылып, оқушы қайтыс болды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалжар ауылында газ баллон жарылып, үй отқа оранды. Өрттің салдарынан 2010 жылы туған бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мұғалжар ауылында газ баллон жарылып, оқушы қайтыс болды

24 ақпан күні сағат 23:51-де Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Мұғалжар ауылы, Зауыт көшесіндегі үйде газ баллон жарылып, артынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Мұғалжар ауылының өрт сөндіру бөлімі, полиция және жедел жәрдем бригадасынан 13 адам және 4 техника оқиға орнына дереу жетті. Өрт 80 шаршы метр жерді шарпыған.

«Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт сағат 03:20-да өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде 2010 жылы туған бала қайтыс болды. 1968 жылы туған үй иесі мен 1998 жылғы азамат әртүрлі дәрежедегі күйік алып, жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен және облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовтың басшылығымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел комиссия құрылды», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.