29 Желтоқсан, 2013

Украина оппозициясы Януковичтің резиденциясы маңында митинг өткізді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 12 - Ukraina miting

Украинада Виталий Кличко, Арсений Яценюк пен Олег Тягнибок бастаған оппозиционерлер мемлекет басшысы Виктор Януковичтің резиденциясы маңында митинг өткізді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Егер біздің талаптарымыз орындалмаса, осындай шара күнде өткізіліп тұрады», – деді «Батькивщина» фракциясының төрағасы Украина парламентінде.

Митингтен кейін ереуілшілер премьер-министр Николай Азаров пен Жоғарғы Рада спикері Владимир Рыбакдың, сондай-ақ «Украина таңдауы» қозғалысының жетекшісі Виктор Медведчуктың үйлеріне бет алды.

«Билік биік қабырғаның артына тығылып, халықты естімеуге болады деп ойламасын. Олар біздің көп екенімізді және қорықпайтынымызды білсін. Бүгінгі шара – ескерту акциясы. Ал келесі жолы біз мұнда миллион болып жиналамыз», – деді УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличко.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар