- Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың баспанаға қолжетімділігін арттыру үшін қандай құралдар (жолдары) бар? Өткен жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қанша пәтер/үй берілді? Осы жылға жоспар қандай?
Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін 2021 жылы «көп балалы отбасы», «мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы», «1 және 2-топтағы мүгедектер», «жетім балалар» санаттары бойынша мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны енгізу үшін 1 млн.теңге сомасына 2 мың қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын беру жоспарлануда.
Жалпы, 2020 жылы Көп балалы отбасыларға 365 пәтер, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 743 пәтер берілді.
2020 жылы барлығы 2 926 пәтер берілді.
Алматы қаласының әкімдігі халықты қолжетімді және жайлы баспанамен қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.
2020 жылы 2926 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде:
- 879 – коммуналдық тұрғын үй қорынан (427-ХӘОТ, 452-көп балалы отбасылар);
- 4989 – кезекте тұрғандар үшін жеңілдікті несиелік бағдарламалар (Шаңырақ – 3578, кредиттік тұрғын үй - 1411);
- 2050 – жастарға арналған бағдарламалар (Алматы жастары бойынша кредиттеу – 1000, жұмыс істеуші жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға беру – 1050).
Консультациялық көмек барлық ниет білдірушілерге көрсетіледі. Ол үшін Басқарманың бірінші қабатында операциялық зал бар. Сонымен қатар, кеңес әлеуметтік желілердегі парақшаларда көрсетіледі. Іске асырылып жатқан бағдарламалар, шарттар мен мерзімдер туралы ақпарат басқарманың және Алматы жастары сайттарында жарияланады.
- «Шаңырақ» пилоттық бағдарламасында ағымдағы жылдың басынан бастап жеке тұрғын үй сатып алу үшін 225 қарыз берілді. Осы бағдарламаның шарттары туралы толығырақ айтып берсеңіз.
«Шаңырақ» бағдарламасының шарттары»:
- тиімді мөлшерлеме – жылдық 5%, бастапқы жарна – 10 %, қарыздың ең ұзақ мерзімі – 20 жылға дейін, қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн.теңгеге дейін. ЖАО-да кезекте тұрғандардың барлық санаттары қатысуға құқылы.ХӘОТ санатындағы 427 отбасы және 452 көп балалы отбасын биыл тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл жерде кезекте тұрғандар жайлы болып отыр ма? ХӘОТ санатына кім кіреді?
Иә, бұл пәтерлердің барлығы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен бөлінетін болады.
ХӘОТ санатына: ҰОС ардагерлері, жетім балалар, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жасына байланысты зейнеткерлер, қандастар, ҚР Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде аталған созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарынан жалғыз тұрғын үйінен айырылған адамдар, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасы кіреді.
Осы жылы 8 мыңнан астам тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Адамның алушылар тізіміне кіретінін қалай білуге болады?
Пәтерлердің жалпы санының 879-ы кезектілік тәртібімен бөлінетін болады.
Қалған пәтерлер жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз сатылады. Осы бағдарламаларға қатысу ерікті сипатта болады. Осыған байланысты қатысуға ниет білдірушілер тиісті өтінім беруі тиіс.
- Кезекте тұрғандарды түгендеу қалай жүргізіледі?
2020 жылдан бастап кезекте тұрғандарға қызмет көрсететін бағдарламалық өнім - «Есепке қою...» бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілген, ол жылына бір рет мемлекеттік органдардың барлық жүйелерінен деректерді интеграциялау арқылы автоматты түрде түгендеу жүргізеді, оның нәтижелері бойынша қажеттілік болмаған, басқа елді мекенге кеткен, санатын жоғалтқан және т.б. жағдайда кезекте тұрған адам есептен шығарылады.
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында Алматы қаласында тұру талабы көзделген. Бұл ретте, қазіргі уақытта 14 жасқа толмаған балаларды тіркеу тәртібі өзгерді. Бұл факт кезекке қоюдан бас тарту үшін негіз болып табыла ма? Мемлекеттен тұрғын үйді кім және қалай ала алады?
14 жасқа дейінгі балалардың мекенжай тіркеуінде болмауы кезекке қоюдан бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Жалғыз талап – балаларды басқа елді мекенде тіркеуге болмайды.