30 Желтоқсан, 2013

Қостанайда шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 12- Altaynews.kzҚостанай облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мереке Дихаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

М. Дихаев жалған құжат жасап, бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталуда. Мекеменің бөлім басшысы мен бас бухгалтері де күдікті ретінде жауапқа тартылмақ. Олар өзара сөз байласып, 2012-2013 жылдары көлік тұрағын жалға алу жөнінде жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасаған. Осының салдарынан мемлекетке 700 мың теңге көлемінде шығын келтірілді. «Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мереке Дихаевқа және аталған мемлекеттік мекеменің екі лауазымды тұлғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 176 және 314-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оларға мемлекет қаржысын жымқырды және қызметтік жалғандыққа барды деген айыптар тағылуда. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды. Қылмыстық іс сотта қаралу үшін прокуратураға жіберілді», - деді облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Рустам Садықов.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: Altaynews.kz

Соңғы жаңалықтар