Театр • 02 Наурыз, 2021

Көктем әуендері көңіл көтереді

302 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Көктеммен бірге көңілдерге де көркем сезім орнайды. Наурыз айында «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін мазмұнды қойылымдар мен жарқын концерттер елорда тұрғындары мен қала қонақтарына тамаша тарту болары сөзсіз.

Көктем әуендері көңіл көтереді

Атап айтсақ, 5 және 9 наурыз сағат 19.00-де «Piccolo» каме­ра­лық театры жобасы аясын­да тыңдарман назарына Дж.Россинидің «Жібек саты» опера-фарсы ұсынылады. Бас кейіпкер Джулияның бейнесінде бірінші күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахме­това өнер көрсетсе, екінші күні осы партияда Әсем Сембина дебют жасайды. Дорвиль – Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Жан Та­пин, Джермано – Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыр­көзов, Бланзак – Евгений Чай­ников және тағы да басқа талантты әртістер ізденісі көрерме­ніне көтеріңкі көңіл күй сый­лай­­ды деп күтілуде. «Астана Опе­ра» камералық оркестрі дири­жер Руслан Баймурзиннің жетек­ші­лігі­мен өнер көрсетеді.

Ал 10 наурыз күні театрдың Мәр­мәр залында «Барокко құдіреті» концерті өтеді. Көрермендер Қа­зақ­­станның еңбек сіңірген қай­рат­к­ері Абзал Мұхитдиннің же­тек­­шілігіндегі «Астана Опе­ра» ка­мералық оркестрінің сүйе­мел­­деуімен театрдың жетекші со­лисі, Башқұртстанның ең­бек сі­ңір­­ген әртісі, сопрано Аль­фия Ка­римовамен бірге асқақ барок­ко­ның арғы дәуіріне музыкалық сая­хат жасайды. Хас шебер әртіс­тердің өзіндік интерпретациясын­да Г.Ф.Гендельдің «Мессия» кан­­татасынан ария, «Альмира» опе­­расынан Альмираның ария­сы, «Альцина» операсынан Мор­гананың ария­сы, «Ғажайып Құ­дайынан алыста» кан­татасынан «Тол­қыны қатты теңіздегі кеме» ариясы шырқалады. Сондай-ақ, кеш бағдарламасына И.С.Бахтың «Магнификат» шығармасынан ария, А.Вивальдидің «Баязет» операсынан Иренаның ариясы мен «Гризельда» операсынан Констанцаның ариясы енді.

14 наурызда «FORTE-TRIO ша­қы­рады» топтамасынан каме­ралық музыка кеші өтеді. Қазақстан Республикасының FORTE-TRIO мемлекеттік триосының музыкант­тары Людвиг ван Бетховеннің осы жанрдағы ең танымал шығарма­ла­рының бірі болып табылатын Форте­пианоға арналған триосын орындайды. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы фран­цуз композиторы Э.Шоссонның фортепианоға ар­налған триосы құштар­лыққа толы сезім сырын шертуден бас­тап үміт үзілген қайғылы сәттерге дейінгі адам күйзелісінің кең ауқы­мын паш етеді.

Сонымен қатар 19 және 20 нау­рыз күндері  Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» комедиялық операсы көрер­менін қуантады. Ең танымал италиялық опера­лардың бірінің қойылымы «Piccolo» каме­ралық театры жобасы аясында іске асырылды. Г.Доницеттидің музыкалық жауһарында барлығы – ыстық махаббат та, жасандылық та, қатаң ойын мен орынды қылық та, түрлі киім ауыстырылатын күлкілі жа­ғдайлар да, көңіл қалу мен әш­керелеу де бар. Комедиялық қойылымда басты кейіпкер Норина рөлін «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Қапонова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова сомдайды. 

Театр ұжымының Ұлыстың ұлы күні Әз Наурызға арнап ұсынатын та­ма­ша тартуы – «Қош келдің, Нау­рыз!» мерекелік концерті. 22 наурыз­да елордалық театрдың опе­ра солистері мен оркестр әртіс­тері та­би­ғаттың көктемгі жаңа­руы, қай­та тү­леуі мен достық мереке­сі­не арналған та­маша өнер бағ­дар­­ламасын көрермен назарына ұсынады. Мазмұнды кеште отан­дық композиторлардың ариялары, әндері, романстары, аспаптарға арналған шығармалары, сонымен қатар қонақжай қазақ даласында бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан этностардың музыкалық дәстүрлері кеңінен көрсетілетін болады.

Ал 25 наурыз күні сағат 19.00-де Қазақ­стан Композиторлар одағы «Наурыз шашу!» концертін өткізе­ді. Кеште Е.Рах­мадиев, Ғ.Жұба­нова, К.Дүйсе­кеев, Б.Кы­дырбек, А.Райым­құлова, С.Әб­ді­нұров, Г.Өзен­баева, Ә.Әбдінұров, А.Жайым, А.Тәни, Ә.Қадыров, Н.Таңатар, Л.Жұ­манова, К.Измаи­лова және т.б. қазақстандық автор­лар­дың камералық әрі вокалдық шығар­малары орындалады. Ұлық­ мей­рамға арналған кеште Қазақ­станның еңбек сіңірген қайрат­кері Азамат Жылтыркөзов (бари­тон), Әсем Сембина (сопрано), сон­дай-ақ Әліби Әбдінұров, Арман Жайым, Сабина Щербакова, Ка­ри­на Измаилова (фортепиано), Наз­гүл Таңатар (домбыра), Әзімхан Абду­лазим (валторна) бастаған әртістер тобы өнер көрсетеді.

27 наурызда «Астана Операның» кішкентай көрермендеріне арналып Т.Бей­­сем­бектің «Самұрық кел­ген таң» музыкалық ертегісі қазақ тілінде ұсыны­лады. Ертегі кие­лі Самұрық құсын іздеп шық­қан Айдар мен Айжанның бас­тан кеш­кен оқиғаларын баяндай­ды. Ержүрек батырлар мен олардың сенімді достарын ғажайып «Мәңгі­лік ел» күтіп тұр.

Көктемнің алғашқы айының мерекелік бағдарламалар циклын 28 наурызда өтетін  «Қазақквартет шақырады» топтамасынан «Бела Барток­ты ту етіп» концерті түйін­дейді. Ғазиза Жұбанова атындағы Мем­лекеттік ішекті аспаптар квартетінің венгр композиторы Бела Бартоктың 140 жылдығына арналған музыкалық кешінде отандық талантты музыканттармен бірге танымал Ресей кларнетшісі, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Артур Назиуллин өнер көрсетеді.