Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Кездесуге қатысушылар Төтенше жағдайлар министрлігі мен жекелеген өңірлердің күштері мен құралдарының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда әрбір көктем айтарлықтай су тасқынымен қатар жүреді. Әсіресе ауыл халқы зардап шегеді. Билік жыл сайын төтенше жағдайға дайындық туралы есеп береді, бірақ үлкен су келгенде, әрқашан күш пен қаражат жеткіліксіз әрі дайындық та нашар болып шығады», деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Ол сондай-ақ сенаторлар өткен жылы су қауіпсіздігі туралы Үкімет сағатын өткізу кезінде су тасқыны қаупінің алдын алу жөніндегі нақты шаралар ұсынғанын еске салды.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өз сөзінде Министрлік 2017 жылы әкімдіктермен бірлесе отырып, көктемгі су тасқынына аса бейім 905 елді мекенді анықтағанын атап өтті. Бүгінгі күні еліміздегі 315 елді мекеннен мұндай қауіп алынып тасталды және тағы 314 елді мекенге қауіп-қатер барынша азайтылды. Оларда 350 мыңнан астам адам тұратын 70 мыңнан астам тұрғын үй бар. Министрдің айтуынша, шешілмеген мәселелердің бірі – су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйі болып отыр. Осындай 500-ге жуық гидротехникалық құрылыстар қазір жөндеуді және жаңғыртуды талап етеді.
Кездесу барысында шараға қатысушылар су тасқыны қаупімен күреске оң әсер ететін бірқатар нақты міндеттерді шешу қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, судан қорғау аймақтары мен белдеулері маңайында орналасқан үйлер мен объектілердің суда қалуына жол бермеу үшін елді мекендер құрылысын жоспарлауды жақсарту аса маңызды. Жолдарды жобалау, салу, жаңғырту, жөндеу және пайдалану кезінде табиғи-климаттық факторлар да ескерілгені жөн. Одан басқа, көп салалы зерттеулер жүргізілуі тиіс және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеуді қаржыландыруды бөлу керек.
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Білім • Кеше
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Медицина • Кеше
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Аймақтар • Кеше
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мажарстан астанасында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы жарық көрді
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әуезовтің Шыңжаңдағы шәкірттері
Әдебиет • Кеше
Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады
Қоғам • Кеше
Чемпиондық жолындағы «тар жол, тайғақ кешу»
Бокс • Кеше
Аймақтар • Кеше
Абайтануға арналған интеллектуалдық алаң
Абай • Кеше
Тамырды жалғағандар – өмірді сыйлағандар
Медицина • Кеше
Таным • Кеше
Түркістанда медициналық-ақпараттық Call-орталық ашылды
Аймақтар • Кеше
Торғай даласына ракета бөлшегі құлап түсті
Аймақтар • Кеше
Кентау қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«AMANAT» 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады
Қазақстан • Кеше
Елорданың биылғы бюджеті бекітілді
Елорда • Кеше
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қаржыгер теңгенің құнсыздану себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездесті
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар