Қоғам • 12 Сәуір, 2025

Инватакси қызметінде де құқықбұзушылық бар

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл ауданының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мақсатында талдау жұмысын жүргізіп, нәтижесінде инватакси қызметін ұйымдастыру бойынша елеулі құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инватакси қызметінде де құқықбұзушылық бар

Аудандық прокуратура қызметкерлері жүргізген зерделеу жұмысының нәтижесінде жергілікті атқарушы орган қызмет көрсетудің тиісті деңгейін қамтамасыз етпегені анықталған.

«12.02.2025 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау қызметін көрсету бойынша» шарт жасасып, онда инватакси тек жұмыс күндері және 8 сағат ішінде жұмыс істейтінін көрсеткен. Мұндай шарт талаптары қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді және мүгедектігі бар адамдардың құқығын бұзуға әкеп соғады», делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Дерекке сенсек, прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде инватаксидің жұмыс кестесі қайта қаралып, заң талабына сәйкестендірілген. Енді демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, қызмет тәулік бойы қолжетімді. Осылайша прокурорлар ауданддың ерекше қажеттілігі бар 2 мыңнан астам азаматының құқығын қорғап қалды. Ал, заңға шекеден қараған лауазымды азамат тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025