Биыл қаңтар айынан бастап зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқарушы компанияларға аударғаннан кейін активтерді пайдалану құқығын қарастыратын заңнамалық нормалар күшіне енді.

Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы активтері сенімгерлікке берілетін инвестициялық басқару компанияларына қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы жүйеде рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлеу мен бекіту сияқты кешенді функцияларды қадағалап отырады.
Ендігі кезекте салымшыларды қызықтыратын негізгі мәселе – басқару компанияларына сенімгерлікке берілген активтердің табыстылығы. Қазіргі кезде жеке басқаруға берілген қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті реттеу талаптары белгіленген. Десек те басқарушы компания зейнетақы активтерінің кірістілігіне кепілдік бере алмайды. Бірақ оның іс жүзіндегі кірістілігі белгіленген шектен төмен болса, салымшыларға өз қаражаты есебінен айырманы инвестициялық компания өтейді. Салымшы сенімгерлік компаниядан өз активтерін қарастырылған мерзім ішінде Ұлттық банкке қайтаруына болады және де басқа компанияға аудару мүмкіндігі бар. Яғни салымшылар зейнетақы жинақтарын бір басқарушы компаниядан екіншісіне жылына бір рет сенімгерлік басқаруға бере алады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма басшысы Александр Камчатный осы мәселеге байланысты сұрақтарға жауап бере келе, инвестициялық табыстылыққа байланысты шаралардың пысықталып жатқанын жеткізді. Яғни салымшы инвестициялық компанияға 100 теңге аударған болса, жыл қорытындысы бойынша 10 пайыз, яғни 10 теңге табыс көре алады. Егер осы 10 теңгені алу мүмкіндігін беру туралы шешім қабылданатын болса, онда салымшы алдағы уақытта өз табысын алу құқығына ие болмақ. Қазіргі кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сенімгерлік компанияларға аударылған сома 260 млн теңгені құрап, бұл қызмет түріне байланысты жүзге жуық салымшының өтініші қарастырылған. Басқарушы компаниялар активтерді Қазақстанның және басқа елдердің бағалы қағаздарына, сондай-ақ банк салымдарына инвестициялауға құқығы бар. Бірақ қаражатты жоғалту қаупі жоғары болғандықтан, салымшыларға жеке депозиттер ашуға тыйым салынды. Осы орайда сарапшылар кез келген салымшы өз активтерінің табыстылығына мүдделі екендігін ескере отырып, теңге құнсызданған кезде басқа валютадағы активтерге көшуге тура келетінін, сонымен қатар теңгемен белгіленген табысты қағаздар көрсеткіші төмен болады деген пікірде.
Қаржыгер Мақсат Серәлі активтердің тиімді емес портфельдерге салынуы салдарынан туындайтын тәуекелдерді жоққа шығармайды. Осы орайда сарапшы басқару компанияларына аударылған активтер мемлекет тарапынан кепілдендірілуі керек екендігін айтып отыр. Яғни, әрбір инвестициялық компанияның артында банктер тұр. Сондықтан да мемлекет бұл компанияларға нақты шарт қою керек. Өйткені активтер салымшының жылдар бойы зейнет жасын қамтамасыз ету үшін жинақтаған салымдары болғандықтан, мемлекет басқару компанияларына нақты шарт қоя отырып, бір жылдың көлемінде міндетті түрде сақтандырылуын қамтамасыз етуі қажет. Сонда ғана салымшы осы мерзім ішінде активтерінің тұрақтылығына алаңдамайтын болады. Ал активтерді 50 пайызға дейін долларлық эквивалентке ауыстырмау жөніндегі талапты құптай келе сарапшы алдағы уақытта активтерді басқару компаниялары шетелдік компаниялардың портфельдерін сатып алу жағын қарастыру мүмкіндігін айтады. Ол үшін қаражаттың сыртқа шығып кетпеуін қадағалай отырып, активтердің қазақстандық компанияларға салынуы талап етілуі тиіс. Активтер басқару компаниялары тарапынан «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», сонымен қатар биржаға жаңадан шыға бастаған компаниялардың құнды қағаздарына салынғаны абзал. Сонда ғана ақша ішкі айналымда болады. Осы екі мәселе мемлекет тарапынан мұқият қадағаланғанда жүйе дұрыс жұмыс істейді деуге негіз бар. Бұл үшін салымшылар да міндетті түрде өз салымдарына жауапкершілікпен қарауы тиіс әрі қаржылық тұрғыдан сауатты болса, дейді сарапшы.
Осы тұста қаржыгер Тимур Әбілқасымов зейнетақы жинақтарының әлеуметтік тұрғыдан маңызды екенін еске салды. Егер де активтерді басқаруда көрсеткіші төмен компанияларға мүмкіндік берілетін болса, онда оның шығынын бюджет есебінен өндіруге тура келеді. Ал инвестициялау барысында концентрациялық және валюталық тәуекелдерге жол берілмеуі қажет. Сарапшы сонымен қатар ипотекалық несиесі жоқ салымшылардың активтерін басқару компанияларына аударған жағдайда табыстылық барысын қадағалау қажет, деп санайды. Егер де компания тиімді жұмыс істейтін болса, оның инвестициясын арттыру жағын қарастыру керек.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша, портфельді инвестициялау және әртараптандыру тәуекелдерін барынша азайту көзделген. Осы орайда зейнетақы активтерін қаржы құралдарының бір шығарылымына инвестициялау лимиттері белгіленді. Яғни облигациялар үшін зейнетақы активтері – 50, акциялар үшін – 10, сондай-ақ бір ұйым немесе оның үлескерлері шығарған қаржы құралдары 10 пайыздан, ал валюта түрлері бойынша инвестициялау лимиттері зейнетақы активтерінің 50 пайызынан аспайды. Осы орайда зейнетақы активтерін қандай да болсын қаржы құралына инвестициялаудың нақты лимиттері басқарушы компания бекітетін инвестициялық декларацияларда бекітіледі. Шешімді компанияның өзі және акционерлері қабылдауы тиіс. Зейнетақы жинақтарын бұл компаниялардың басқаруына беру үшін олар сенімгерлік басқаруға және кастодиандық қызмет көрсетуге шарттар жасауы қажет.
Еліміздегі 6 компания қазіргі кезде зейнетақы активтерін басқаруға құқылы. Ал салымшылар басқарушы компанияларды өз еркімен, дербес таңдау мүмкіндігіне ие. Компаниялар жайындағы ақпарат аталған агенттіктің сайтында орналсқан: «First Heartland Jysan Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес ұйымы», «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның ЕҰ), «Halyk Finance» Қазақстан Халық банкінің ЕҰ» АҚ, «First Heartland Capital» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар, кемінде 3 млрд теңге мөлшеріндегі меншікті капиталы, соңғы үш жылда клиенттердің 5 млрд теңге мөлшеріндегі активтерін басқару тәжірибесі бар компанияларға беру қарастырылған болатын. Қазіргі кезде үш компанияға алғашқы салымдар аударыла бастады. Зейнетақы активтерін инвестициялаудағы ықтимал шығындар немесе операциялық қызмет барысында туындайтын тәуекелдерді мейлінше азайту компаниялардың меншікті капиталына қойылатын талаптың маңыздылығына байланысты. Зейнетақы активтерін басқарушылар сенімгерлік басқаруға қабылданғаннан кейін активтер кірісі ең төменгі шекті қамтамасыз етуі қажет. Ал кірістің ең төменгі деңгейі барлық жеке басқарушы компаниялардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігінің орташа алынған коэффициентінің 70 пайызы деңгейінде белгіленіп отыр.
Осы орайда бірқатар сарапшы таңдалған басқару компанияларының капиталы жоғары екеніне сендіреді. Мұндай жағдайда жеке компаниялар инфестициялық портфельдерге аса сақтықпен қарайды. Яғни олар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордан гөрі тәуекелі аз, табыстылығы жоғары болатын инвестициялық сапалы корпоративті сегменттерді қарастырады. Нарықтағы ахуалды басшылыққа алсақ, қазір баспана нарығында баға шарықтап, медициналық ақылы қызметтердің де бағасы көтерілген. Осы орайда сарапшылар салымшылар үшін тиімді инвестициялық қадамдарды қарастыруға кеңес береді. Өйткені баспана нарығын зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, әзірге нарықта делдалдық үрдістер үстемдік құрып тұр. Ал зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру салымшылар үшін жинаған ақшасын басқару жауапкершілігін күшейте түседі. Сонымен бірге қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына институттық сұранысты арттырумен қатар, ел экономикасына оң ықпалын тигізеді.
АЛМАТЫ
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Ғылым • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Алматыда балалар арасында індет жұқтырғандар саны жиілеп кетті
Аймақтар • Кеше
Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды
Экология • Кеше
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті
Білім • Кеше
Солтүстік Қазақстанда құтырмаға қарсы екпе салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қапшағайда көп балалы ана кондитерлік кәсібін кеңейтіп келеді
Бағдарламалар • Кеше
Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы
Технология • Кеше
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
«Шымкент жастар лигасы» жобасы өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу
Әлем • Кеше
Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Ертісте балықтар қырылып жатыр
Экология • Кеше
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәріздері салынады
Елорда • Кеше
2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген
Қоғам • Кеше
Қазақстандық қос гимнаст әлем кубогына қатысады
Спорт • Кеше
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
Білім • Кеше
Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Аймағамбетов: Еліміздің ғылым саласындағы әлеуеті зор
Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі: 16,6 млн тонна мұнай экспортталды
Экономика • Кеше
СІМ басшысы ЕҚЫҰ Төрайымымен келіссөздер жүргізді
Үкімет • Кеше
Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Қаржы • Кеше
Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді
ANTIKOR • Кеше
Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Кеше
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Кеше
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Кеше
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар