Руханият • 22 Наурыз, 2021

Наурыз тартуы

700 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бұл көктем бұрынғыдан өзгерек. Себебі күллі түр­кі халқы асыға күт­кен жаңа жыл – Әз-Нау­рыз ме­ре­кесі биыл ұлты­мыз­дың ұлық мей­рамы – Тәуел­сіз­дігіміздің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы айтулы да­таға орай республикалық деңгейдегі арнайы іс-ша­ра­лар жоспары бекітілді. Соның ішін­де Мәдениет және спорт министрлі­гі түр­лі дең­гейдегі 500-ге жуық іс-шарадан тұратын қо­сымша жоспар әзірледі.

Наурыз тартуы

Атап айтсақ, бұл қатарда театр­ландырылған қойылым, фестиваль, көрме, лекция, ғылыми кон­ференция, шеберлік сабағы, арна­йы онлайн платформа, челлендж, ак­ция, флеш-моб сынды көптеген мәде­ни жобалар бар. Аталған іс-шара­лар ұлттық мә­дениетті іл­ге­рілетуге, салт-дәс­түрлерді жан­дан­дыру­ға, саламатты өмір салтын насихат­тау­ға, бұқаралық спортты, соның ішін­де ұлттық спорт түр­лерін дамыту­ға бағытталған.

Биыл, әсіресе, көктемнің ал­ғашқы айы, береке маусымы – нау­рыз айына ерекше мәртебе бе­рілді. Яғни республикалық жал­пы жос­пар бойынша наурыз «Қазақтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрі» айы ретінде белгіленді. Бұл айда елдік мерейтойының мазмұнын байытуға арналған бір­қатар мәде­ни іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда. Олай болуы заңды да. Өйт­кені ­наурыз − мерекеге ең бай мау­сымның бірі. Мәселен, айдың алғашқы күні Алғыс айту күні бол­са, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22 нау­рыз – шығыс халықтарының Жаңа жы­лы. Де­мек, бұл айдағы түрлі іс-шаралар легі наурыздың алғашқы күні­нен бастап, соңына дейін жалғасады.

Сонымен айтулы шаралар­дың бірқатарына тоқталып өтсек,  нау­рыздың ең ерек мерекесі − 1 нау­­рыз Алғыс айту күніне орай елі­мізде 250-ге жуық арнайы жо­­ба өтті. Оның 60-тан астамы рес­публикалық ұйымдар енші­сін­де. Мәселен, «Астана Балет» мем­лекеттік опера және балет ­театры ­дәрігерлерді «Шымылдық құпиясы» жобасымен қуантса, «Қазақконцерт» ұжымы мұ­ға­лім­дер мен дәрігерлерге «Ме­йі­рімді болайықшы, бауыр­­лар» кон­цертін ұсынды. Ал Алма­ты­дағы Ғ.Мүсірепов атында­ғы Қа­зақ Мемлекеттік академия­лық ба­ла­лар мен жасөспірімдер ­театры ұстаздарға арнап «Мұға­лім» қойылымын, елордалық Му­зы­калық жас көрермендер ­театры «Шәмші» мюзиклін, Қ.Қуа­ныш­баев атындағы мемлекет­тік академиялық қазақ музыка­лық драма театры дәрігерлер, мұ­ғалімдер мен экологтарға арналған «Тыңда» атты музыкалық ке­шін тарту етті. Сонымен қа­тар М.Лермонтов атындағы Мемле­кеттік академиялық орыс драма театры «Адал әйел» («Верная жена») спектаклін, Ұлттық кітапхана №1 балалар үйін қолдау мақсатында «Аялы ала­қан» қайырымдылық акциясын, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мә­дени музей-қорығы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен «Отаным болған қазақ жеріне алғыс айтамын!» дөң­гелек үстелін өткізді.

Мәдениет және спорт минис­трлігінің 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне жоспарлаған жобалары да көңіл қуантады. Атап айтсақ, «Бейнелеу өнері туын­дыларындағы әйел бейнесі» көр­­месі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» қорындағы ұлт­тық фильмдер көрсетілімі, «Әде­биеттегі әйел жазушылар» дөң­гелек үстелі, «Астана Опера» мем­лекеттік опера және балет театрында өтетін П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті, «Астана Балет» теат­рының «Гала жұлдыз» гала-кон­церті, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік ака­де­миялық қазақ му­зыкалық драма теат­рының «Зере» қойылымы, Құ­дыс Қожамьяров атындағы мем­лекеттік ұй­ғыр музыкалық коме­дия театрының «Табассум» мереке­лік бағдарламасы, Алматы қала­сы әкімінің эстрадалық-симфония­лық оркестрінің концерті сынды бір­қатар мерекелік іс-шара легі әйелдерге арналған мейрамды одан әрі көріктендіре түсері сөзсіз.

Сондай-ақ 14 наурыз Көрісу күні қарсаңында елордадағы Қ.Қуа­нышбаев атындағы Мемле­кеттік академиялық қазақ музыка драма театры ұжым арда­герлерімен кездесу, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Амал-көрісу мерекесі Қазақстанның ежелгі географиясы мен қазіргі мәдениеті аясында» атты дәріс ұйымдастырса, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Жүз жылдық махаббат», «Оң қол» драмаларының көрсетілімін, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы «Көрісейік, ағайын!» концертін, Асқар Тоқпанов атын­дағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Көрісу дәстүрі» спектаклін көрермен назарына ұсынады.

Ал күллі түркі халқы үшін жа­­­ңа­­рудың символына айналған Нау­­рыз мерекесінің орны ұлтымыз үшін тіптен ерек. Ұлыстың ұлы күні қар­саңында, яғни 21 мен 23 наурыз аралығында елімізде 500-дей іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда. Олардың қатарында ұлттық тағам түрлерінің жәрмеңкесі, өлкетану экскурсиялары, концерт, квэст, этнокөрме, театрландырылған қо­йылымдар бар.

«Халқымыз үшін Тәуелсіздік ұғымының мәні неде?», «Қазақ­стан ғасырлар бойы армандаған азаттыққа қалай қол жеткізді?». Міне, осы тектес сан сауалды ар­қау еткен дөңгелек үстел, дәріс пен сынып сағаттары, ұлттық музыка аспаптарының фестивалі ұйымдастырылады. Сонымен қатар республикалық кітапхана зағип және нашар көретін аза­маттарға арналған зағип және нашар көретін ақындардың «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты аудио фор­маттағы жыр жинағының тұ­саукесерін өткізеді. Бұдан бө­лек, республикалық неміс драма театры «Қарагөз» спектаклін, «Ұлы­тау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы «Мәң­гілік елдің мәртебелі Нау­рызы» атты көрме мен экскурсия­сын, Сүйінбай атындағы Алматы облысының филармониясы «Хош келдің, әз-Наурыз» ән кешін, Ал­маты қаласының «Сазген сазы» фольклорлы-этнография­лық ан­самблі «Ұлыстың ұлы кү­ні» концертін ұсынады. Бұл жиын­дардың ұлттық салт-дәс­түрлерді жаңғыртуға, экология мә­дениетін қалыптастыруға, халық арасындағы достық байланысты нығайтуға оң ықпал етері сөзсіз. Аталған іс-шараның барлығы «Әз Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» деген ұранмен өтеді.

Жалпы, Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығын атап өтуге бағытталған іс-шаралар жоспары қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасайтын жоғары білімді, интеллектуалды және рухани жан дүниесі бай ұлт қалыптастыруға серпін береді деп күтілуде.