Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды.

Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды

Бұған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы каталитикалық крекинг қондырғысының істен шығуына байланысты сұйытылған мұнай газын өндіру жүзеге асырылмайтыны себеп болып отыр. Аталған қондырғыны қалпына келтіру наурыздың соңына дейін жалғасады.

Энергетика министрлігі осыған байланысты наурыз айына сұйытылған мұнай газын жеткізудің түзетілген жоспарын қайта жасақтады. Онда аталған зауытқа бекітілген өңірлер басқа зауыттардың ресурстарына қайта бөлінді.

«Атап айтқанда, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына сұйытылған газ жеткізу «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-не жүктелді. Ал, Қостанай мен Маңғыстау облыстарына «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жеткізеді. Атырау облысын «Теңізшевройл» ЖШС, Батыс Қазақстан облысын «Жайықмұнай» ЖШС қамтитын болады. Қазір қайта түзетілген жоспарға сәйкес газ желісі ұйымдары мен жеткізуші зауыттар арасында шарттар жасау жүргізілуде. Осылайша, өңірлердің сұйытылған мұнай газына қажеттілігі жоспарлы көлемде қамтамасыз етіледі» деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.