«Өткен жылы өңір көлемінде 715 жоба бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде 356 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 348 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен және 11 жоба инвестициялық қаржы есебінен салынуда. Сондай-ақ басқармада 2020 жылы заң талаптарын сақтамай салынған 84 құрылыс нысанына тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар негізінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 153 хаттама бойынша жауапқа тартылған», деді Т. Орынтайұлы брифингте.
Оның айтуынша, заң талаптары сақталмағаны үшін жалпы салынған айыппұл көлемі 28 935 945 теңгені құрайды. Негізінен, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Аталған қызметтер 2019 жылдан бастап 100 пайызға электронды түрде көрсетілуде.
Өткен жылы құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 1096-өтініш қабылданған.