Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы «Ұстаздар үйінің»  қызметкерлерінің кәсіподақ жарнасы есебінен «Кедергісіз келешек» жобасының аясында сәбилік өміріне селкеу түскен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар апаруды, «Бақытты балалық шақ», «Мектепке жол» акция шеңберінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушыларға мектепке қажетті жабдықтар алуға көмектесу – жыл сайын ұйымдастырылатын игі дәстүрге айналған.

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

Сонымен бірге институтта ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, жалпы институтта ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға материалдық қолдау көрсету жұмыстары да тұрақты жүзеге асып келеді. Осы орайда игі істерге ұйытқы болып жүрген «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Оқу жұмысы және монитроингтік қызметі бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Аида Отыншина «Алматы кәсіподақтар одағы» аймақтық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбек сіңірген қайраткер» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.