2021 жылғы 3 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру шаралары мен құралдары» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Айтулы іс-шара ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы, «Атамекен» ҰКП және «Атамекен» іскер әйелдер кеңесімен ұйымдастырылды.
Жиынға ұлттық комиссияның мүшелері, ақпарат және қоғамдық даму, ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сыртқы істер министрліктері және үкіметтік емес ұйымдар мен банк секторының («Отбасы банк» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ), ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шара қатысушыларына арнайы бейнеүдеу жолдап, қазіргі кезде мемлекеттің жан-жақты дамуы көп жағдайда әйелдер құқығының қамтамасыз етілуімен, әрі олардың өз мүмкіндіктерін толық пайдалануына барлық қажетті жағдайды қалыптастырумен тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Бүгінде еліміздің қыз-келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде. Бұл сіздерге тән еңбекқорлылық пен іскерліктің айқын көрінісі. Әйелдердің қоғамдағы ролін кеңейте түсу мемлекеттіміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осыған орай нақты шаралар қолға алынды. Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43%-дан асты. Жеке кәсіпкерлердің тең жартысынан көбі өздеріңіз сияқты қыз-келіншектер. Іскер аруларымыздың арқасында 1 миллионнан астам азаматымыз тұрақты жұмыспен қамтылып отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова модераторлық етті.
«Әйелдердің өзін өзі дамытуы олардың қоғамдағы әлеуметтік мәртебесінің нығайуы, жалпы қазақстандық отбасылардың әу-ауқатының жақсаруымен тығыз байланысты. Сондықтан қазіргі мемлекеттік қолдау шараларының қол жетімділігін қамтамасыз ету, қыз-келіншектерді үкіметтік емес ұйымдардың және халықаралық қаржы институттарының жобаларына қатысуға тарту аса маңызды. Бұл ретте қыз-келіншектерді жігерлендіру және оларға лайықты білім дағдыларын ұсыну өте маңызды роль атқарады. Осыған байланысты әйелдерге қажетті құзыретті қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта барлық күш-жігерімізді біріктірер болсақ, қазақстандық қыз-келіншектердің әл-ауқатын жақсартуға жақсы серпін бере аламыз», деді Ләззат Рамазанова.
Жиын барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Осылайша Қазақстанның барлық өңірлерінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында жұмыс істейтін 17 орталық құру көзделіп отыр. Сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, жалпы әйелдер бизнесін насихаттап, таныту бағытында түрлі іс-шаралар бірлесіп ұйымдастыруға келісті.
Қатысушылар әйелдерге арналған экономикалық қолдау шараларын іске асырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, едәуір тиімді жобалар жайында және олардың келешегін айқындау жөнінде өзара пікір алмасты.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева іс-шарада сөйлеген сөзінде, Қордың тарапынан қолдау тапқан барлық жобалардың 51%-дан астамы әйелдер кәсіпкерлігі екенін атап өтті. Мұндай жобалардың жалпы сомасы 1,26 триллион теңгені құраған. Бұл даму институты қолдаған барлық бизнес-идеялардың тең жартысы.
«Әйелдер кәсіпкерлігі әдетте білім беру саласында - 68%, жылжымайтын мүлік операцияларына қатысты салада - 60%, баспанаға орналасу және тамақтану қызметтері саласында - 58% көбірек. Дегенмен кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты іске асырып отырған даму институты ретінде әйелдер кәсіпкерлігінің өнеркәсіптік өңдеу саласына бет бұрғаны жайында жақсы көрсеткіштер бары бізді қуантатынын атап өткіміз келеді. Қор клиенттерінің орташа статистикалық келбеті: әр екінші клиент орташа жылдық табысы 67 млн.теңге шамасында, 3 млн.теңге салық төлеп, 10 адамды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлікпен айналысатын 39-40 жас шамасындағы әйел», деді Гаухар Бөрібаева.
«Отбасы банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова әйелдерге арналған ипотекалық несие ұсыну бағдарламасын енгізу жөнінде Банктің жоспарымен бөлісті.
«Жақын арада «Отбасы банкі» Азия даму банкімен бірлесіп, әйелдерге ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл Азиядағы, бәлкім әлем бойынша да, бірінші рет іске қосылатын әйелдерге арналған ипотека бағдарламасы болмақ. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Азия даму банкінен 38 млрд.теңге қаражат тартылды. Банк осы қаражат есебінен 3 970 әйелді қаржыландыруды жоспарлап отыр», деді Ләззат Ибрагимова.
Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымының өкілі Мария Доценко іс-шарада сөйлеген сөзінде гендерлік теңдік пен әйелдер мен қыздардың құқықтары, олардың мүмкіндіктерін арттыру бағытында Қазақстан Үкіметі мен Құрылым серіктестерінің қолға алған жұмысын халықаралық ұйым қолдайтынын атап өтті. «Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға жету және халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған Үкіметтің жұмыстарына қолдау танытып, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, озық әлеуметтік нормаларды ілгерілетуде айтарлықтай жетістікке жету жолында бірлесіп жұмыс жасай бермекпіз», деді Мария Доценко.
Іс-шара қатаң түрде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды, оған тек COVID-19 анықталмағанын растайтын тесті бар қатысушылар ғана қатысты.
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:52
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:37
Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте салық мәселесі қаралды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған топтарға қандай көмек көрсетіледі?
Қоғам • Бүгін, 17:16
Үндістанда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды
• Бүгін, 17:14
Адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:48
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 16:47
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 16:26
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:25
Елорда • Бүгін, 16:21
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Бүгін, 16:11
Ерекше балаларға жағдай жасамаған директорлар жазаланады
Білім • Бүгін, 16:01
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Ұқсас жаңалықтар