Спорт • 04 Наурыз, 2021

«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады

7 рет көрсетілді

7 наурызда Францияда әйгілі «Париж-Ницца» көпкүндігі өтеді. Бұл бәсекеде қазақстандық «Астана» клубының да велошабандоздары өнер көрсетеді.

Айтулы дода 1933 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оы жарыста ең көп топ жарған Шон Келли. Ирланндиялық велошабандоз 1982-1988 жылдар аралығында қатарынан жеті рет жеңімпаз атанды. Францияның мақтанышы Жан Анкетиль 1957-1966 жылдар аралығында бес рет бас жүлдені олжалады. Ал бельгиялық Эдди Меркс (1969-1971), нидерландтық Йоп Зутемельк (1975-1976, 1976) және франциялық Лоран Жалабер (1995-1997) үш реттен теңдессіз деп танылды.

Кезінде әйгілі Александр Винокуров та осы жарыста жасындай жарқыраған. Қазақстанның велошабандоз 2002 және 2003 жылдары өткен додаларда алдына жанс алмады. Сол 2003 жылы еліміздің дарынды спортшыларының бірі Андрей Кивелев дәл осы жарыста велосипедтен құлап, қаза тапқан болатын.

Таяу күндері басталатын Париж-Ницца көпкүндігінде «Астана» клубының сапында мына велошабандоздар өнер көрсетеді: Алексей Луценко (Қазақстан), Самуэле Баттистелла (Италия), Омар Фраиле (Испания), Йон Исагирре (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Маттео Собреро (Италия) және Александр Власов (Ресей). Бұл жарыс 14 наурызда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі болды

Аймақтар • Бүгін, 10:55

Өңірлер бойынша эпидахуал қандай?

Коронавирус • Бүгін, 09:20

1731 адам коронавирустан емделіп шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:07

6 өңір «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус • Кеше

Депутатты пышақтап кетті

Әлем • 15 Қазан, 2021

Шетелдік вакциналар ақылы болады

Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар