Бүгінгі таңда Жамбыл облысының суармалы жерлері Шу және Талас трансшекаралық өзендерінің суларымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде облыс аумағында 156 гидротехникалық құрылыс бар. Облыстағы жер үсті су ресурстары Шу, Талас және Аса өзендерінің бассейндерінде шоғырланған. Бұл ретте өңір ауыл шаруашылығына қажетті су қорын көрші Қырғыз Республикасында орналасқан «Киров» су қоймасынан алады. Ал судың бөлінуі, жайылуы, игерілуі сияқты мәселелердің бәрі де облыс бойынша Шу-Талас бассейндік инспекциясының міндетіне кіреді. Аталған инспекцияның басшысы Гүлмира Имашева бүгінде өңірдегі осындай ең бір күрделі саланы басқарып отырған білікті маман. Сондай-ақ өзі де қыруар шаруаның бел ортасында жүр.

Көктем келіп, күн жылынғанда бұл мекеменің жұмысы тіпті қыза түседі. Көрші мемлекеттен тіршілік көзін тарту, оны үйлестіру жұмыстарының өзі басшыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл ретте Гүлмира Имашева осы саладағы талай жылғы тәжірибесін пайдаланып, әрбір мәселенің оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Саладағы ұзақ жылғы еңбек өтілі Гүлмира Сағынбайқызын бұл күнде білікті басшы, білімді маман ретінде танытқан.
Ол 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Нәзік жандылар көп бара бермейтін мамандықтың иесі атанған кейіпкеріміз сол жылдардан бері талай баспалдақтан өтіп, тәжірибе жинады. Ең бастысы елге қызмет ету деген абыройлы жолды таңдады. Әрі ағасы, су саласының білікті маманы, ұзақ жылдар бойы «Жамбылводстрой» акционерлік қоғамының президенті, облыстық мәслихаттың депутаты болған Берікшал Имашевтің өмірлік еңбек жолын жалғастырды.
Гүлмира Имашева 1988-2010 жылдар аралығында Шу-Талас бассейндік инспекциясының технигі, инженері, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы және бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ 2010 жылдан 2018 жылға дейін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы, су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болған. Қызметтің қай сатысында жүрсе де талапшыл, іскерлік қасиетімен ерекшеленді. Ал 2018 жылы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы болып тағайындалған. Содан бері осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып келеді. Кәсібіне адал білікті басшының барлық кезеңде де күрделі мәселенің шешімін тауып, тиісті шараларды қабылдағаны да елдің есінде.
Мәселен, жыл сайын қырғыз тарапының мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы каналдары арқылы су берудің келісілген кестелерін сақтамауы салдарынан және соңғы жылдардың су тапшылығы кезеңіне байланысты Жамбыл облысының диқандары суды толығымен ала алмауда. Бұл өз кезегінде өңір тұрғындарын алаңдатқан мәселе болып отыр. Осы мәселеге де білек сыбана кіріскен Гүлмира Имашева мәселенің шешілуі үшін тиісті келіссөздер жүргізуде.
«Шу-Талас бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық саласы негізінен Шу өзенінің бассейніне кірмейтін Мойынқұм, Қордай және Шу аудандарының бір бөлігін қоспағанда Жамбыл облысының аумағын, көрші Түркістан облысы Созақ ауданының аумағын және Түркістан қаласы аумағының бір бөлігін, сондай-ақ Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандары аумақтарының бір бөлігін, сонымен қатар Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағының бір бөлігін қамтиды. Жалпы, Шу-Талас гидрографиялық бассейнінің ауданы 160,3 мың шаршы шақырымды құрайды. Мекеме еліміздің Су Кодексін, Үкіметтің қаулыларын жүзеге асыруда, су ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік бақылауды жақсарту барысында үнемі ізденісте», дейді инспекция басшысы.
Сондай-ақ ол жыл сайынғы қысқы және көктемгі кезеңдерде су тасқыны қаупінің алдын алу, оны болдырмау мақсатында облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруда аянбай еңбек етуде. Білікті маманның еңбегін билік те жоғары бағалап, ол әр жылдары су шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау жұмыстарына сүбелі үлес қосқаны үшін еліміздің Ауыл шаруашылығы мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Су ресурстары комитетінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ Гүлмира Сағынбайқызына «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі мен «Астана 20 жыл» мерекелік медалі, «ҚР Экология саласына 30 жыл» медалі, «ҚР тәуәлсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі және «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі берілген.
Жамбыл облысы
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Ғылым • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Алматыда балалар арасында індет жұқтырғандар саны жиілеп кетті
Аймақтар • Кеше
Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды
Экология • Кеше
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті
Білім • Кеше
Солтүстік Қазақстанда құтырмаға қарсы екпе салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қапшағайда көп балалы ана кондитерлік кәсібін кеңейтіп келеді
Бағдарламалар • Кеше
Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы
Технология • Кеше
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
«Шымкент жастар лигасы» жобасы өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу
Әлем • Кеше
Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Ертісте балықтар қырылып жатыр
Экология • Кеше
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәріздері салынады
Елорда • Кеше
2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген
Қоғам • Кеше
Қазақстандық қос гимнаст әлем кубогына қатысады
Спорт • Кеше
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
Білім • Кеше
Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Аймағамбетов: Еліміздің ғылым саласындағы әлеуеті зор
Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі: 16,6 млн тонна мұнай экспортталды
Экономика • Кеше
СІМ басшысы ЕҚЫҰ Төрайымымен келіссөздер жүргізді
Үкімет • Кеше
Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді
ANTIKOR • Кеше
Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Кеше
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Кеше
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Кеше
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар