Қоғам • Бүгін, 16:15

Елімізде ішімдікке тәуелді 100-ден астам бала есепте тұр

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазан айының басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 90 981 адам ішімдікке тәуелді ретінде есепте тұрса, оның 100-ден астамы - балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ішімдікке тәуелді 100-ден астам бала есепте тұр

Фото: Ашық дереккөз

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алкогольге тәуелді адамдардың саны 89 918-ден 1,2%-ға өсті. Алайда, пандемия жылдарында (2019-2023 жылдар аралығында) тіркелген жағдайлар санының 9,1%-ға төмендеуі байқалған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда ішімдікке тәуелді 90 981 адам есепте тұр. Оның 109-ы - кәмелетке толмағандар.

Қазақстанда алкогольге тәуелді ретінде есепте тұрған балалардың 64-і - ұл, 45-і - қыз бала.

Еске салайық, Қазақстанда наркологиялық диспансерде есепке қою психоактивті заттарға байланысты ресми диагноз болған кезде 16 жастан бастап жүзеге асырылады.