Павлодарлық Наталья Сахарова кран жүргізуді армандамаған. Бұл салада жұмыс істеу жоспарында да болмапты. Алайда Жаратушы иенің жоспары бөлек қой. Нәп-нәзік қызды кранның басқару тетігіне әкеп отырғыза салған. Ал бәрін «бүлдірген» бәстесу болатын.

– Кранда жұмыс істеймін деп еш ойламаппын. Бірақ маңдайға жазылған тағдырдан қашып құтыла алмайсың ғой. 2017 жылы құрбыммен бәстестім. Ол кран жүргізу қолыңнан келмейді деді. Мен үйреніп алатынымды айттым. Сөйтіп, жұмысшы мамандықтарға баулитын Павлодар қаласындағы кәсіби оқыту және сараптама орталығына бардым. Алты күн тәжірибеден өттім. Бірден ұнады. Бүгінде сүйікті мамандығыма айналды. Жұмысқа ерекше құлшыныспен барамын. Ұжымым да ұнайды. Осы орайда, Бағдат Жұрымбаева есімді тәжірибелі әріптесіме алғысым зор. Өзіме беймәлім болып келген саланың қыр-сырын осы кісіден үйрендім, – дейді кран машинисі Наталья Сахарова.
Ол – Баянауылдың тумасы. Түтіні түзу, тірлігі қызу Бірлік ауылында туып-өскен. Осы жерде мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан. Қазақтардың арасында өскендіктен, қазақшаға жетік. Мектепті мемлекеттік тілде тәмамдаған. Павлодардағы колледждердің бірінде «Бағдарламашы» мамандығын меңгеріпті.
– Кранның түрі көп қой. Осы күнге дейін көпірлі және тіректі крандарды жүргізіп көрдім. Ендігі бір арманым – мұнаралы кранға отыру. Бірақ құрылыс алаңындағы мұндай техникадан қорқатыным және бар. Себебі тым биікте жүретін мұнаралы кранның жұмысына ауа райы қатты әсер етеді. Тиісінше, жазатайым оқиғалар да жиі болып тұрады. Дегенмен, қызығушылығым жоқ емес. Астанаға бірнеше мәрте жұмысқа да шақырды. Әзірше мұнаралы кранда жұмыс істеуге дайын емеспін. Бірақ түбі бір бұл техниканы да тізгіндеймін. Өйткені ұлым мені мұнаралы краннан көргісі келеді, – дейді кейіпкеріміз.
Наталья бүгінде Павлодар қаласындағы ірі зауыттардың бірі – KSP Steel кәсіпорнында жұмыс істейді. Бұған дейін үш жыл металлургиялық өндіріспен айналысатын «Кастинг» компаниясында еңбек еткен.
– Әдетте, көпшілік кранда жұмыс істеуді ерлердің ісі деп біледі. Мен мұны әйелдерге арналған жұмыс дер едім. Өйткені бұл зергерлік жұмыспен пара-пар. Ыждаһаттылықты, мұқияттылықты, жауапкершілікті, төзімділікті қажет етеді. Мұндай шаруаға ерлердің жүйкесі шыдай бермейді. Мәселен, біздің ұжымдағы крандардың бәрінде әйелдер жұмыс істейді. Көпірлі, тіректі крандар қыз-келіншектерге арналғандай. Бұл оның оңай жұмыс екенін білдірмейді. Мұның да өз қиындығы бар. Төрт қабатты үйдің биіктігіндей жерде жұмыс істеу ешқашан оңай болған емес. Әрине, мұнаралы кранмен салыстырғанда қауіп төмен. Бірақ ауыр-ауыр металдарды тиеу, түсіру, бір орыннан екінші орынға көшіру де ауқымды жұмыс, – дейді Наталья Сахарова.
Ұлты орыс болғанмен, жаны қазақ Наталья қазақ тілін үйрену үшін орта керек деп есептейді.
– Бір үйде бес қызбыз. Бәріміз қазақшаға жетікпіз. Қазақтардың ортасында өскендіктен, тәрбиеміз де қазақы. Обал-сауап пен ар-ұяттың не екенін кішкентай күнімізден бойға сіңіріп өстік. Қазақтың салт-дәстүрін де бір адамдай білеміз. Күнделікті тірлігіміздің өзі қазақыланып кеткен. Қонақ келсе қуанып, қабағымызды емес, табағымызды ұсынып, мәре-сәре боп жатамыз. Дастарқанымыздан ет, бауырсақ арылған емес. Біздің қоғам мемлекеттік тілде тегіс сөйлеуі үшін қазақы орта қалыптастыру керек. Сонда ғана қазақ тіліне деген қажеттілік туындайды, бұл тілде сөйлеу басымдыққа айналады. Бір ұл тәрбиелеп отырмын. Ол да қазақша түсінеді, сөйлейді. Оның қазақы тәрбие алғанын қалаймын, – дейді Наталья.
Биіктен қарайтын бибінің өмірдегі шығар биігі де аласармасын демекпіз.
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Ғылым • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Алматыда балалар арасында індет жұқтырғандар саны жиілеп кетті
Аймақтар • Кеше
Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды
Экология • Кеше
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті
Білім • Кеше
Солтүстік Қазақстанда құтырмаға қарсы екпе салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қапшағайда көп балалы ана кондитерлік кәсібін кеңейтіп келеді
Бағдарламалар • Кеше
Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы
Технология • Кеше
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
«Шымкент жастар лигасы» жобасы өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу
Әлем • Кеше
Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Ертісте балықтар қырылып жатыр
Экология • Кеше
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәріздері салынады
Елорда • Кеше
2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген
Қоғам • Кеше
Қазақстандық қос гимнаст әлем кубогына қатысады
Спорт • Кеше
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
Білім • Кеше
Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Аймағамбетов: Еліміздің ғылым саласындағы әлеуеті зор
Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі: 16,6 млн тонна мұнай экспортталды
Экономика • Кеше
СІМ басшысы ЕҚЫҰ Төрайымымен келіссөздер жүргізді
Үкімет • Кеше
Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Қаржы • Кеше
Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді
ANTIKOR • Кеше
Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Кеше
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Кеше
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Кеше
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар