Шаңырағын бала үнімен шаттандырған алтын құрсақты аналарымыздың жолын жалғаған жастардың бірі – шалқарлық «Алтын алқа» иегері Айым Сүйеуқұлова. Жолдасы Азамат екеуі өмірге 9 бала әкеліп, оларды қатарынан қалдырмай бағып, тәрбиелеп отыр. Тоғызыншы перзенті Санжар бүгінде тоғыз айлық болса, тұңғышы Назым 8-сынып оқушысы. Араларында Аида, Айша есімді егіз қыздары бар.

– Екеуміз де Шалқардың тумасымыз, бір мектептен білім алдық, бір-бірімізді бала кезден танимыз десек те болады. Осы таныстығымыз есейген шақта махаббатқа ұласып, отау құрдық. Көп балалы отбасы атанудың ата-анаға жүктер жауапкершілігі де мол. Жұбайым екеуміз күнделікті тірлікте кезігетін қиындықтарға мойымай, бәріне түсіністікпен қарауға тырысамыз. Бізге балалардың шат күлкісін көруден асқан қуаныш жоқ, байлығымыз да осы – соңымыздан ерген кішкентайларымыз. «Әр баланың өз несібесі бар» демекші, көз алдымызда аман жүріп, есейсе болды,– дейді 30 жастағы көп балалы ана.
Кейде көп балалы отбасылармен тілдескенде олардың тарапынан бір мұқтаждығы айтылып, бір сәлемдемесін жеткізетін болып міндет арқалап қайтатынсың. Бұл жолғы кейіпкерлерімізден барға қанағат, жоққа сабыр тілеген қарапайымдылықты көрдік. Айымның аспаздық мамандығы бар. Бірақ тұрмыс құрғалы осы Алла сыйлаған бөпелерінің тәрбиесімен үйінде отыр. Солардың сабақтарына қарайды, балабақшаға апарады, онда ұйымдастырылатын түрлі шараларға қатысып, балаларын қуантады. Қайырымдылық акцияларына да өз үлестерін қосуды ата-аналық борыштарына санайды.
Айым – «Баласы атқа шапса, үйде отырып тақымын қысқан» ілкідегі алтын құрсақты аналардың жұрнағы екені даусыз. «Аға, біздің отбасы туралы жазсаңыз балаларым-
ның жетістіктерін де қалдырмаңызшы...» деп өтінді. Бала жетістігі – ата-ана қуанышы деген осы.
Мектепке баратын бесеуі де оқу озаттары, спорттан жақсы көрсеткіштері бар. Үлкені Назым бос уақытында Оқушылар сарайындағы қолөнер үйірмесіне қатысады. Ол ұсақ моншақтармен тоқуға кішкентайынан бейім екен. Қазір сол қабілетін үйірмеге қатысып, шыңдап жүр. Әнуар есімді ұлдары №1 Шалқар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен үйірмеге қатысады, ал Гүлбар-
шын есімді қыздары №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдомен шұғылданады. Спортқа икемді осы екеуі аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда бірнеше мәрте жүлдегер атанып, медальдар иеленген. Егіз қыздары мектепішілік білім бәйгелерінде жақсы нәтиежелер көрсетіп, озат оқушылар қатарында тұр.
№6 орта мектебінің 3-сыныбында оқитын дзюдошы Гүлбаршын «Мен болашақта кім боламын?» деген тақырыпта жазған шығармасында «Ең алдымен адамгершілігі мол жақсы адам, білімді оқушы, елімнің патриоты болғым келеді...», деп бастап, он саусағынан өнері тамған шебер болғым келеді деп ойын түйіндепті. Өйткені бұл әулеттің арғы аталарында ісмерлік қасиет бар екен. Осы шығармасы өткен жылы «Қазақстанның 100 үздік дарынды оқушысы» атты республикалық байқаудың материалдар жинағына еніп, еліміздегі «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы бекіткен «Қазақстан Республикасының дарынды оқушысы» атты төсбелгісі мен куәлігін иеленіпті.
Оқуға зейінді, өнерге құштар өрендердің әкесі Азамат Хадимжан қазір «Казтелерадио» АҚ-ның Шалқар телеорталғында жұмыс істейді. Ерге лайықты істің қай-қайсына да қолының ептілігі бар 36 жастағы әке балаларының армандары орындалатынына сенеді.
Мұхтар МЫРЗАЛИН,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Ақтөбе облысы,
Шалқар ауданы
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Ғылым • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Алматыда балалар арасында індет жұқтырғандар саны жиілеп кетті
Аймақтар • Кеше
Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды
Экология • Кеше
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті
Білім • Кеше
Солтүстік Қазақстанда құтырмаға қарсы екпе салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қапшағайда көп балалы ана кондитерлік кәсібін кеңейтіп келеді
Бағдарламалар • Кеше
Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы
Технология • Кеше
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
«Шымкент жастар лигасы» жобасы өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу
Әлем • Кеше
Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Ертісте балықтар қырылып жатыр
Экология • Кеше
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәріздері салынады
Елорда • Кеше
2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген
Қоғам • Кеше
Қазақстандық қос гимнаст әлем кубогына қатысады
Спорт • Кеше
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
Білім • Кеше
Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Аймағамбетов: Еліміздің ғылым саласындағы әлеуеті зор
Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі: 16,6 млн тонна мұнай экспортталды
Экономика • Кеше
СІМ басшысы ЕҚЫҰ Төрайымымен келіссөздер жүргізді
Үкімет • Кеше
Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Қаржы • Кеше
Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді
ANTIKOR • Кеше
Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Кеше
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Кеше
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Кеше
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар