Спорт • 05 Наурыз, 2021

Даррен Дицтің тағы бір белесі

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финалының екінші кездесуінде Нұрсұлтанның «Барысы» Манитогорскіде жергілікті «Металлург» клубын  ұтқаны жайында жазған едік.

Даррен Дицтің тағы бір белесі

Бұл кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, овертайда «Барыс» жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті. Жеңіс голын Даррен Диц соқты. Осылайша, ол қосымша уақытта ең жылдам гол соққан хоккейшілер  тізімінде екінші орынғы жайғасты. Осы бәсекеде Канаданың тумасы 29-секундта нысананы дәл көздеді.

Ал рекордтық көрсеткіш әлі де Ренат Мамашевқа тиесілі. Кезінде Нижнекамскінің «Нефтехимигінің» сапыда өнер көрсеткен ол 2014/2015 жылғы маусымдағы плей-офф сайысының овертаймында 22-минутта мергендік танытқан еді. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше