Экология • 05 Наурыз, 2021

Алматы тауларында қар көшкіні жүреді

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларында көшкін жүруі ықтимал екендігі ескерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы тауларында қар көшкіні жүреді

«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 5-6 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», деп хабарлады Қазгидромет.

Мамандар қар көшкіні жүру ықтималдығына байланысты қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтады, сонымен қатар тұрғындарға тауда абай болуға кеңес берді.