Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа маусымда «Қайсар» футбол клубы сапында Мақсат Байжанов, Олжас Алтаев, Елжас Алтынбеков, Абылайхан Төлегенов, Шоқан Абзалов, Нұрымжан Салайдын, Өркен Махан, Елжас Сарбай, Бекзат Құрманбекұлы, Данияр Әлімжан, Аян Құлмағанбетов секілді футболшылар алаңға шығады.

Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты

Сонымен қатар, жергілікті команданың намысын Гегам Кадемян, Арман Кеңесов, Стефан Денкович, Егор Потапов, Усман Н’Дойе, Сергей Карпович, Каролис Лаукжямис, Йован Чадженович, Артем Леонов секілді шетелдік ойыншылар қорғайды.

– Жыл басынан бері команда жаңа маусымға дайындығын жүргізу барысында 3 оқу жаттығу жиынын  өткізді. Оның екеуі қалада, соңғысы Түркияда болды. Жиын барысында Еуропа мен Азияның беделді командаларымен 9 жолдастық кездесу өткіздік. Соның төртеуінде жеңіске жетсек, төртеуімен тең түстік. Тек бір командадан ұтылдық, – деді «Қайсар» ФК бас бапкері Сұлтан Әбілдаев.

Жолдастық кездесулерге Еуропаның жоғары деңгейлі командалары таңдалған. Мәселен, Украинаның үздік командасы «Десна», Македонияның жеңімпазы «Шкендия», Мавританиядан «Нуадибу», Қырғызстанның ең мықты ұжымы «Дордой», ресейлік «Шинник», Грузияның «Телави» секілді командалар «Қайсарға» қарсылас болды. Жиын барысында 30-дан аса ойыншы қаралымға келіп, өздерін жақсы қырынан көрсеткен футболшылар «Қайсардың» сапына қосылды.

Айта кетейік, 12 наурызда «Қайсар» футбол командасының жаңа футболшыларын таныстыру рәсімі өтеді. Ал 14 наурызда «Қайсар»» ел біріншілігінің бірінші турында «Тараз» командасын қабылдайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше