Қазақстандық балуандар арасынан 73 кило салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Жансай Смағұлов жарысты өте жақсы бастады. Бастапқы бәсекелерде ол ұлыбританиялық Эрик Хэм, швейцариялық Нилс Стамп және Мұратжан Юлдашевті ұтты. Енді Жансай жартылай финалда армениялық Фердинанд Карапетянмен айқасады. Ал Аңсарбек Ғайнуллин тұсаукесер кездесуінде Өзбекстанның тағы бір өкілі Обидхон Номоновтан ұтылды.
81 кило салмақтағы Дидар Хамзаның қадамы сәтті болмады. Тәжікстандық Акмаль Муродов пен түркиялық Мұхамед Кочты қапы қалдырған қандасымыз үшінші кезеңде болгариялық Ивайло Ивановқа есе жіберді.
Ал Руслан Мұсаев грекиялық Атанасиос Милонелисті ұтқанымен, көп ұзамай жапрниялық Таканори Нагассеге жол берді.
Әйелдер арасында 63 кило салмақта белдескен Иоланта Бердібекова алғашқы айналымда венсуэллалық балуаннан жеңілді.