Жартылай финалдық сайыста 57 кило салмақтағы Серік Теміржанов Пуэрто-Риконың өкілі Жан-Пауль Ривераға жол берді. 69 кило салмақтағы Абылайхан Жүсіпов үндістандық Кришан Викастан жеңілді. 81 кило салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов италиялық Фиори Симонеден ұтылды. +91 кило салмақтағы Нұрлан Сапарбай жергілікті боксшының осал тұсын таба алмады.
Ал Сабырхан Махмұт пен Василий Левит бас жүлде үшін таласады. 52 кило салмақтағы Сабырхан жартылай финалда италиялық Серра Эмилионың екі аяғын бір етікке тықса, 91 кило салмақтағы Василий литвалық Тадас Тамасаускасты тізе бүктірді.