Аймақтар • 07 Наурыз, 2021

Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақсылық істердің жаршысына айналған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Қызылорда облысында да жалғасын тапты. Президент бастамасымен қолға алынған марафон ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда.

Қызылордада  1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

Сыр еліндегі игі істер марафоны халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында 1000 отбасыға қуаныш сыйлады. Облыстық басқармалар мен қала әкімдігі тарапынан 700 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілсе,  кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері 300 отбасыға азық-түлік өнімдерінен құралған әлеуметтік пакеттер таратты.

Ортақ  істерге топтасып, көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлауға “Бақытты отбасы” қызметкерлері, “Сыр аналары” альянысының бірқатар ерікті аналары және Қызылорда облысының волонтерлар фронт-офисы еріктілері жұмылды.

Мереке қарсаңында әрбір отбасыға таратылған әлеуметтік себетте ең қажетті күн сайын тұтынатын өнімдер топтастырылған. Айталық, ұн, күріш, макарон, май, шәй өнімдері.

Игі істерге жол ашатын «Қайырымды істер марафоны» Алғыс айту күнінде бастау алды және әрі қарай жалғасатын болады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында өткен жылы бюджеттен тыс қаражат көздерінен әлеуметтік жағдайы төмен отбастарына 1 млрд 634 млн теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Ал, бастамашыл топ «Syr Volonterlary» орталығы азаматтық қоғам институттары, жастар ұйымдары және меценаттармен бірлесіп 521 қайырымдылық шара өткізіп, 19669 адамға көмек берілді.