Бизнес • 10 Наурыз, 2021

Ақтау тұрғыны 2 мыңға жуық шаян өсіреді

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаулық кәсіпкер Максим Ефанов 2 мыңға жуық шаян өсіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтау тұрғыны 2 мыңға жуық шаян өсіреді

рекше кәсіпті өткен жылы қолға алған кәсіпкер бүгінге дейін 2 тоннадан астам шаян өсірген. Бір қызығы ол жәндіктерді өсіруді ғаламтордан үйренген.

«Былтыр бастағанда 300 келідей сатып алдым. Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Қалаға супермаркеттерге, мейрамханаларға апарамын. Шаяндар қорек іздеуге тек түнде ғана шығады, олардың арнайы тамағы бар», дейді кәсіпкер. Максим шаянды өсіру үшін Ақшұқыр ауылында 5 бассейнді қолдан жасаған.

1

«Олар таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады. Әуелі ауыл шаруашылығы министрлігі сынақ жүргізіп, келісімін берген болатын. Алдағы уақытта шаян санын 15-20 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар балық шаруашылығымен айналысып көргіміз келеді», деді кәсіпкер.