Коронавирус • 10 Наурыз, 2021

«Әйелдер COVID-19 қарсы күрестің алдыңғы шебінде» фотокөрмесі Алматыға келді

164 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл күндері Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің қолдауымен БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) ұйымдастырған «Әйелдер COVID-19 қарсы күрестің алдыңғы шебінде» атты фотокөрме Алматыдағы Республика сарайына көшті, деп хабарлайды Еgemen.kz

«Әйелдер COVID-19 қарсы күрестің алдыңғы шебінде» фотокөрмесі Алматыға келді

Қазақстандық дәрігерлер, еріктілер, заңгерлер, құқық қорғаушылар мен белсенділер туралы фотосуреттер мен бейнелер галереясын көрсететін көрме осыдан кейін «Мега» сауда ойын-сауық орталығы мен метрополитенде жалғаспақ.

Көрме материалдары әйелдердің пандемия кезінде басқаларға көрсеткен риясыз көмегін көрсетеді. Жоба идеясының авторы актриса, белсенді және «Бөпe» отбасы мен неке институтын модернизациялау қорының негізін қалаушы Айнұр Ілиясова. Жобаның шығармашылық тобына фотограф Бауырджан Бисмильдин, видеограф және режиссер Ваня Абрамов пен журналист Оксана Василенко кірді.

«Халықаралық әйелдер күні ­– бұл бүкіл әлемдегі әйелдердің күш-жігерін атап өту мүмкіндігі. Олар пандемиямен күреске жұмылдырылған жұмысшылардың көпшілігін құрайды. Дәрігерлер мен заңгерлерден бастап еріктілер мен маңызды салаларда қызмет атқаратын қатысушылардан тұратын  бұл фотокөрме  әлемдік дағдарыс жағдайына қарамастан батылдық, төзімділік пен жанқиярлық туралы әңгімелерімен танысуға болады. Пандемия адамзат баласына бәріміз бірігіп жұмыс атқарғанда ғана көп нәрсеге қол жеткізетінімізді көрсетті. Осы күні басшылық лауазымдарда қызмет атқармайтын әйелдерде, мүмкіндік жасалынған жағдайда қоғамның барлық деңгейлерінде өзгеріс енгізе алатындығын еске салайық», дейді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстан үшін елдік директоры Джулия Валезе.

«Биылғы Халықаралық әйелдер күні әйелдердің тең құқылы қатысуының қуатын көрсетеді. COVID-19 қарсы күресте бізге дұрыс шешімдерді қабылдау үшін әйелдердің рөлі маңызды. Бізге әйелдер инфекцияның қайта өршуі, жұмыс күшінің жетіспеушілігі, тіпті әлеуметтік толқудың екінші рет жандануы сияқты ең ауыр сценарийлердің алдын алу үшін қажет. Бізге індетпен күресу үшін әйелдер керек. Бізге алдыңғы шептегі әйелдер керек», дейді Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори.   

«Мен наурыз айынан бері «қызыл аймақта» жұмыс істедім. Олар маған батыр екенімді айтқанда таң қаламын. Иә, біздің арамызда қорқып, кетіп қалғандар болды, бірақ мен кетіп қалсам дәрігердің ақ халатына сатқындығым болып есептелетінін сезіндім, себебі көмекке мұқтаж адамдарды тағдырдың рақымына қалдыруды жөн көрмедім», деді инфекционист-дәрігер және вирусолог Қарлығаш Абдиева.

Шілде айынан бастап ол COVID-19 тестілеу диагностика бөлімінде жұмыс істейді.

Бүкіл әлемде пандемия жарияланып, карантин бастала салысымен, белгілі психолог және Қазақстандағы транзакциялық талдауды дамыту ұйымының президенті Зәуреш Сапабекова адамдарға көмек қажет болатынын түсінген, сондықтан әріптестеріне «Коронавирустық пандемия кезіндегі Қазақстан халқына қолдау» деп аталатын жобаны ойлап табады.

«Біз адамдар үйлерінде жабылған кезде, отбасылық зорлық-зомбылық екі есеге өседі деп күдіктендік. Солай болды. Себебі біздің әйелдер бейімделгіш, тәуелді жағдайда өмір сүруге дағдыланған. Егер ол үш баланы дүниеге әкелсе, 10-15 жыл үйде отырса, онда оның мамандығы, жұмысы жоқ екені анық. Ал ер адам, әйелінің ешқайда кетпейтінін ескеріп, тыныш отыратынын біледі және балаларды ұрып-соғып, мазақтап, физикалық тұрде жазалайтындары тағы бар. Оған ештеңе болмайды, әйелі балаларымен ешқайда кетпейді, өйткені баратын жері жоқ», деді Зәуреш Сапабекова.

«Біз тек 15 сюжетті ұсынғанымызға қарамастан, біз керемет күш пен батылдық көрсеткен әйелдер санының шексіз болуы мүмкін екенін түсінеміз. Осы оқиғалардың көпшілігі біздің жүрегімізді елжіреткені рас. Мен үшін ең басты қорытынды - көрме мейірімділікті көздейді. Әр фотосуреттің артында тарих жатыр, олардың індеттен құтқару жолында жасалып жатқан жұмыстары тағы бар», дейді жобаның негізін қалаушы Айнұр Ілиясова.