Әлем • 10 Наурыз, 2021

Бішкекте Ақтоты Райымқұлова Қайрат Иманалиевпен кездесті

11 рет көрсетілді

Бүгін А.Осмонов атындағы Қырғыз Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қырғыз Республикасының Мəдениет, ақпарат, спорт жəне жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиевпен кездесті.

Онда бауырлас екі мемлекет мәдени-гуманитарлық, спорт бағыты бойынша келіссөздер жүргізді. Басқосуға Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі Қайрат Нұрпейісов, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты Гүлшат Асылбаева, Қазақстандағы манасшы Баянғали Әлімжанов және екі мемлекеттің мәдениет саласының басшылары мен белгілі өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қайрат Иманалиев екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайту мен дамыту тұрғысында бірлесіп іс-шаралар өткізуге дайын екендігін, әріптестік қызметтің барлық деңгейінде қарым-қатынас қызу қолдау табатынын жеткізіп, қонақтарға шығармашылық табыс тіледі.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт саласы бойынша бірлесіп қызмет атқаруға дайын екендігін, және іс-шараларды іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын нақтылап, алғыс білдірді.

Алқалы жиында кино түсіру, театр гострольдерін, мәдени форумдарды ұйымдастыру, Қазақстанның Қырғызстандағы, Қырзғызстанның Қазақстандағы Мәдениет күндерін, «Сармерден» жиынын өткізу және де басқа мәселелер қарастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғыз Республикасы Президентінің Қазақстанға жасаған ресми мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту туралы ведомствоаралық келісімге қол қойып, бірқатар мәдени іс-шараларды бірлесе өткізуді мақұлдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың Шәкірі

Әдебиет • Кеше

Жаны ізгі журналист

Егемен Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар