Аймақтар • 10 Наурыз, 2021

Тұрғын үй кешендерінің төменгі қабатында әлеуметтік нысандар ашылады

27 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтанда жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

«Алматы ауданында орналасқан жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылып жатыр. Сонымен бірге, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін «үй жанындағы дәрігер» нысандарын ашамыз. Оған қоса, ауданды шамадан тыс жүктемеу үшін жоба бойынша паркинг құрылысы жүргізіліп жатыр.

Елорда аудандарын «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында, орталықтандыру қағидаты бойынша дамытудамыз. Бұл дегеніміз – барлық қажетті әлеуметтік нысандар мен демалыс орындарының жақын жерде орналасуы. Үйдің сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырдым. Құрылыс аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыруға кірісеміз.

Биыл, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз»,  деп жазды қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Белградта белдеседі

Спорт • Бүгін, 09:06

Жапонияда сынға түседі

Спорт • Бүгін, 09:03

Ең бастысы – азаматтардың сенімі

Қазақстан • Бүгін, 08:43

Smart Zholy жеңімпаздары анықталды

Қазақстан • Бүгін, 08:36

Құнды қағазға қызығатындар көп

Экономика • Бүгін, 08:32

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар