Көктемнің алғашқы күндерінде «Астана Балет» сахнасында ғажайып гала-концерт өтті. Қатарынан екі күн бойы еліміздің жетекші үш театры – «Астана Балет», «Астана Опера» және Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының жетекші солистері, қазақстандық белгілі балет жұлдыздары бір сахнада бас қосып, тамаша өнер туындысын көрерменіне тарту етті.

Екі бөлімнен құралған кеш бағдарламасы негізгі он алты нөмірге топтастырылған. Театр әртістері классикалық мұраға айналған спектакльдердің үзінділерін көркем хореография тілінде шебер орындап шықты.
Бағдарламамыздың өте мазмұнды әрі сан алуан болуына барынша назар аудардық. Тіпті кейбір партиялардың сахнамызда алғаш орындалғанын атап өтуіміз керек. Осы бағдарламаны дайындаған кезде, өз басым, келіп жеткен көктем шуағын – жаңа өмір тынысын, махаббат пен іңкәр сезімді жеткізгім келді. Сондықтан әр би құштарлық, романтикалық, меланхолиялық сезім иірімдері сынды махаббаттың сан қырын суреттейді, – деді «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі Нұрлан Қанетов.
Концерттің бірінші бөлімінде Ц.Пунидің «Эсмеральда», П.Чайковскийдің «Аққу көлі», Б.Асафьевтің «Париж алауы», К.Глюктің «Әуен», А.Аданның «Корсар», П.Масканидің «Diversity», П.Чайковскийдің «Divine» сынды балеттерінен үзінді орындалды. Әсіресе, алғашқы бөлімді түйіндеген үш театрдың жетекші солистері, үздік трио – Фархад Бөриев, Бахтияр Адамжан мен Жанел Төкееваның Адольф Адан музыкасына қойылған «Корсар» балетінен көрсеткен көркем ізденісі көрермен қауымның зор ықыласына бөленді.
Ал ғаламат кештің екінші бөлімінде «Жизель» балетінен гранд-па, «Кармен-сюита» балетінен дуэт, «Аққу көлі» балетінен адажио, Федор Лопухов хореографиясындағы «Гопак», «Спартак» балетінен дуэт, «Шопениана» балетінен вальс, Love Fear Loss балетінен дуэт және «Дон Кихот» балетінен па-де-де ұсынылды. Би кешінің жарқын көрінісінің бірі А.Хачатурян музыкасына хореограф Георгий Ковтун қойған «Спартак» балетінен адажио еді. Елордалық театр сахнасына спектакль үзіндісін «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Қанетов көшірді. Спартак пен Фригияның бейнесін Фархад Бөриев пен Айнұр Әбілғазина сомдады.
Сондай-ақ аңызға айналған айтулы гала-концертте Татьяна Тен, Қазбек Ахмедияров, Дилара Шомаева, Айжан Мұқатова, Уэсли Карвальо, Эльдар Сәрсембаев, Балжан Әбдірахманова бастаған «Астана Балет» театрының жетекші солистері мен шақырылған әртістер қатарында өнер көрсеткен – «Астана Опера» театрының премьері Бахтияр Адамжан, Абай атындағы Қазақ ҰАОБТ-ның бірегей бишілері Жанел Төкеева, Рахым Дайыров пен Мәлика Елшібаева өнері елордалық көрермен көңіліне көктемнің ғаламат шуағын дарытқандай естен кетпес ерекше әсер сыйлады.
Өзінің жаңашыл қойылымдарымен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Астана Балет» труппасының көрерменіне наурыз айында ұсынар тартуы мұнымен әсте шектелмек емес. Ұжым осы айда «Вальпургиев түні» және «Гайя» бір актілі балеттері мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Ұлттық хореография кешін» елордалық көрермендер мен қала қонақтары назарына ұсынуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар сұхбат барысында театрдың көркемдік жетекшісі сәуір айындағы қойылымдар жайлы да айтып қалды. Көп ұзамай көрермен көзайымына айналған – «Бейбарыс сұлтан», «Махаббат туралы аңыз» және «Жизель» балеттері көрерменімен сахна төрінде қайта қауышатын болады.
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар