Қазақстан • 11 Наурыз, 2021

Президент тапсырмасымен мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен қамту деңгейі әлі де 71%-ды ғана құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент тапсырмасымен мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді

Осы жастағы балалар үшін ең көп кезек бүгінде Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында.

2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95%-ға, ал 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100 пайызға жеткізу көзделген. Ол үшін жеке меншік балабақшалар желісін одан әрі дамыту, ваучерлік қаржыландыруды, сонымен қатар әлеуметтік тәрбиеші институтын енгізу тетіктері кеңінен қолданылатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл үшін «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі, бағдарламалар жаңарады.