Қоғам • 11 Наурыз, 2021

Ер адам көршісін өлтіріп, етін мысығына берген

1331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында көршісін қатыгездікпен өлтіріп, денесін пәтерден шығарып алу үшін мүшелеп тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Ер адам көршісін өлтіріп, етін мысығына берген

Көршілерінің айтуынша, ол оның етімен мысықтарын бірнеше күн бойы тамақтандырған. Күдікті өз қылмысын мойындап, барлық болған мән-жайды айтып берді.

Мәліметтерге сәйкес айыпталушы 2 наурызда ішімдік ішіп, көршілері Данияр және Александрды үйіне қонаққа шақырады. Бірақ Александр келуден бас тартқан, ал Даниярды содан кейін ешкім көрген жоқ.

Күдікті үш күннен кейін ғана мәйіттен құтылуға шешім қабылдаған. Түнде ол дене мүшелерін пакеттерге салып, сол маңдағы ең жақын үйлердің қоқыс жәшіктеріне апарды. Коммуналдық қызметтер цистерналарды босатуға үлгермегендіктен, полицейлер қалдықтарды тауып үлгерді.

«Ізін суытпай 33 жастағы күдікті анықталып қолға түсті. Олар пәтерде ішімдік ішіп, соңы жанжалға ұласқан. Қылмыскер сол кезде кісі өлтіргенін мойындады», дейді Қарағанды облысы бойынша ДП баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Тергеу қылмыстың барлық егжей-тегжейін анықтаған жоқ. Бірақ көршілер қорқынышты мәліметтерімен бөлісіп, оның бұған дейін де бірнеше ауыр қылмысы болғанын айтты.

 

Рабиға МҰРАТ