10 наурыз күні басталған кешенді жарыс осы жылдың тамыз айына дейін жалғасады.
Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасынан 594 спортшы спорттың 32 түрінен бақ сынайды. Олардың ішінде: оқ ату, көркем гимнастика, еркін күрес, дзюдо, грек-рим күресі, спорттық гимнастика, спорттық құзға өрмелеу, су добы, садақ ату, қазіргі бессайыс, баскетбол (жасөспірімдер, қыздар), бокс (ерлер мен әйелдер), жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, стенд ату, ауыр атлетика, таеквондо, батуттық гимнастика, велоспорт (тас жол), велоспорт (вмх), каратэ-до, регби (ерлер), семсерлесу, велоспорт, велоспорт (маунтинбайк)(трек), гандбол (әйел), теннис, триатлон, академиялық есу секілді спорт түрлері бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы өткен Жастар спорт ойындарында елорда құрама командасы жалпы қорытынды есепте төртінші орынға тұрақтаған болатын.