ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жұмыс істейді.
2021 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 15 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай,Қарағанды,Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында) дауылды ескерту жарияланды.
Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі және 102 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысындағы беккеттерде 47 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр. Ақмола облысының жылыту пунктіне 56 адам, оның ішінде 6 бала орналастырылды.
Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 712 адам және 471 бірлік техника жұмылдырылды.
Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 28 СМС-хабарламаны таратылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 61 хабарлама жіберілді.
Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін өңірлерде «Жедел байланыс желісі» істейді.