Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, демалыс күндері, яғни, сенбі және жексенбі күндері қалада спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, сондай-ақ, сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне тыйым салынған.
Ашық базарларға (азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын) тек жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынды. Супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 02:00-ге дейін шектелді.