Аймақтар • 12 Наурыз, 2021

Ақтөбеде «Парасат жолы» жобасы қолға алынды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысына  келген «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен кездесуінде өңір басшысы  Оңдасын Оразалин   сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді түрде жүзеге асырылып отырған жобалар туралы айтып берді. Қолға алынған жобалардың ішінде  өңірдегі 233 мемлекеттік кітапхана аясында қолға алынған «Парасат жолы» орталықтарының маңызы зор  деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде «Парасат жолы»  жобасы қолға алынды

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен мәдениет басқармасы арасындағы меморандумға сәйкес жұмысын бастаған «Парасат жолы» орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қағидаларын қалыптастыру мәселелері тұрғындармен  жиі-жиі талқылана бастады. Соның ішінде жан-жақтан келетін  қоғам қайраткерлері, шығармашылық өкілдері  мен ғалымдар, мәдениет қызметкерлері кітапханаларда әр түрлі топ өкілдерімен жиі-жиі кездесіп,  ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мұндай кездесулерде азаматтардың жас кезден бастап   сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ұстанымдарын  қалыптастыру мен   адами- тұлғалық мәдениеттерін жетілдіру мәселелері  жан-жақты  талқыланады.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин қоғамда  азаматтардың парасаттылық, адалдық қағидаларын ілгерілететін «Парасат жолы» жобасының рухани орталықтар–кітапханаларда қолға алынуының артықшылықтарына ерекше тоқталды. Осы жоба шеңберінде қала, аудан және  ауыл кітапханалары сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын жүйелі түрде қалыптастыратын  орталықтарға айналмақшы.