ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде сотталған 400 адамды Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босату туралы жалған ақпарат таратылуда. ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді», деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.