Жарыс екі кезеңнен тұрады. Соның қорытындысы бойынша ерлер бәсекесінде алдыңғы лектен көрінген төрт және әйелдер сайысында дараланған бес теннисші Токио Олимпиадасында өнер көрсету құрметіне ие болады. Бірден айта кетейік, Дохадағы додаға Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Германия секілді азулы командалар қатыспайды. Өйткені, олар алға қойған мақсаттарына әлдеқашан қол жеткізген.
Іріктеу турнирінде Қазақстанның туы астында Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақшева сынды спортшылар өнер көрсетеді.