Нұр-Сұлтанда өткен бәсекеде жерлестерімізге тек жеңіс қажет еді. Көздеген мақсаттарына қол жеткізу үшін алғашқы екі кезеңде біздің жігіттер барын салды. 26-минутта Семен Кошелев есеп ашса, 33 және 37 минуттарда Линус Виделль мен Деннис Расмуссен қатарынан екі мәрте нысананы дәл көздеп, айдын иелерін алға шығарды. Үзіліске дейін Никита Михайлис таразы басын теңестірді.
Өкінішке қарай, үшінші кезеңде «Металлургтің» басымдығы анық байқалды. Олардың біздің қақпамызға үш шайба салса, елордалық ойыншылар бір ғана голмен жауап қайырды. Есеп – 3:5. Жалпы сериядағы есеп – 4:2. Осылайша, жарыс плей-оффтың алғашқы кезеңінде жарысты аяқтады.