Спорт • 13 Наурыз, 2021

Ыстанбұлда сайысқа түсуде

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Түркияның Ыстанбұл қаласында каратэден аса ірі халықаралық турнир басталды.  Алғашқы күні Қазақстан құрама командасының мүшелері үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ыстанбұлда сайысқа түсуде

60 кило салмақта Қайрат Алпысбай мен Еркінбек Байтөреев тұсаукесер кездесулерінде ұтылды. Алайда Қайраттың қарсыласы – Әзірбайжанның атақты каратэшісі Фердоси Файзалиевтің ақтық сынға дейін алқынбай жеткенінің арқасында біздің жігіт жұбаныш бәсекелеріне қатысу мүмкіндігін сақтап қалды.

Бұл жолы қандасымыз өзін жақсы қырынан көрсетті. Түркия мен Албанияның өкілдерінен басып түскен Алпысбай қола медаль үшін тартыта македониялық Эмил Павловпен айқасады.