Спорт • 13 Наурыз, 2021

Жанбота Алдабергенова финалға шықты

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шаңғы акробатикасынан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы жолындағы жарыста Жанбота Алдабергенова финалға жолдама алып, өз жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жанбота Алдабергенова финалға шықты

Іріктеу сайыстарында ол 79.38 ұпайды иеленіп, алғашқы ондықты қорытындылады. Осы нәтиженің өзі Жанботаға финалға шығу үшін жеткілікті болды. Өкінішке қарай, Маржан Ақжігіт 16-орында (65.20 ұпай) қалып қойса, Ақмаржан Қалмұрзаева 18-сатыға (62.93 ұпай) табан тіреді. Осылайша, олар әлем кубогын аяқтады. Тағы бір спортшымыз Аяна Жолдас жарақатына байланысты жарыс жолына шықпады.

Ал финалдық бәсекелер бүгін сағат 13:00-де басталады. Жанботаға жанкүйер болайық!   

 

Соңғы жаңалықтар